2023 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
«Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» ММ қызметі жөнінде есеп
2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді (100 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы, 1500 АЕК артық емес мөлшерде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру).
2023 жылы бөлім 27 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы Банкі»» сенім білдірілген агенттің БаспанаМарткет порталы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі, альтернативті негізде көрсетілген қызметтердің санынан 100% құрады.
Динамика көрсеткендей, ең танымал мемлекеттік қызмет мыналар болып табылады:
Бір жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылық болмады.
«Алтай ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Р. Хамитов