«Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

            «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес, «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 20 түрі көрсетіледі.

            2023 жылы бөліммен 5 871 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

            - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жолымен ақпараттық жүйелер арқылы - 5 698;

            - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 136;

            - «электрондық үкімет» порталы арқылы - 37;

            «Электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санынан 2,5% құрады.

            Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

            – жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау - 2 043.

            Бір жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым туралы мәліметтер түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

 

 

Бөлім басшысы                                                                                      Т.Ю. Шидыч

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд.: Д. Хамитова

Тел.: 62253

Дата публикации
30 января 2024