«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Чапаев ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2023 жылы 28 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:
- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 26;
- балама негізде қағаз түрінде - 2.
Балама негізінде көрсетілетін қызметтер санынан Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 92 % құрады.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 26;
- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» болып өзгертілді) – 2.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Чапаев ауылдық округінің әкімі М. Кабанбаев
?: А. Денисенко
': 8(72335)27215