«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 ақпанда № 19982 тіркелген, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2023 жылы әкім аппаратымен 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- Е – лицензиялау - 4 ақпараттық жүйесі арқылы;
- балама негізде қағаз түрінде - 2.
«Электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санынан 66,6% -. құрады.
Сонымен қатар, дәлелді бас тартулар болды – 3.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет- бұл қызмет:
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу-4.
- Жер телімін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату-2;
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
Тұрғысын ауылдық округінің әкімі Е. Ерболатов