Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы
Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» ММ
2023 жыл бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 ақпанда № 19982 нөмірмен тіркелген 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2023 жылы жеке және заңды тұлғаларға 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 20;
- қағаз түрінде балама негізде – 9.
Баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санының «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 69%-ды құрады.
Динамика бойынша ең танымал мемлекеттік қызметтер:
-- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 16;
- «Елді мекеннің шегінде құрылыс салуға жер учаскесін беру» - 1;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» - 4;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 7;
- «Жер учаскесiн жеке меншiкке бiр мерзiмге немесе бөлiп-бөлiп сату» - 1.
«43-баптың 2-тармағына сәйкес» 3 бас тарту және АППК бойынша 1 бас тарту берілді.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылмаған.
Серебрянск қаласының әкімі Н.Бакынова
Орынд. О. Копылова тел. 8(72335)27531