«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы
Октябрьск кентінің әкімі аппараты» ММ-нің
2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша қызметі туралы есебі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Октябрьск кентінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2023 жылы 59 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:
- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 42;
- балама негізде қағаз түрінде - 17.
Балама негізінде көрсетілетін қызметтер санынан Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 71,2 % құрады.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 37;
- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» болып өзгертілді) - 17;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 5.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Алтай ауданы
Октябрьск кентінің әкімі Е. Калижанов
Орынд. Е. Ключникова
тел. 8(72335)30737