«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевск ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2023 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:
- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 1;
- балама негізде қағаз түрінде – 1;
- «Үкімет азаматтарға» мемлекеттік корпорация арқылы -1;
- Заңды басшылыққа алып жауап берілмеген-3.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» болып өзгертілді);
Округта акімшілік ғимаратында Өзі өзіне қызмет көрсету бұрышынан электронды түрде -167 қызмет көрсетілген.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Малеевка ауылдық округінің әкімі Б.Исаев
Орынд. Н.Храмцова
тел. 8(72335)24700