Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

«Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 2) тармағына, 81-бабы                2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына,                 85-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                    6-тарауының 18-бабының 20) тармақшасына сәйкес, Бұқтырма су қоймасының (Жаңа Бұқтырма кенті) жағалауында туризмді дамыту бағдарламасына сәйкес Жаңа Бұқтырма кентінің (муниципалдық (қоғамдық) жағажайы, орман-саябақ демалыс аймақтары) ортақ пайдалану орындарын салу және абаттандыру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында, Алтай ауданының әкімдігі                  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, Алексей Александрович Беляевқа жеке меншік құқығында тиесілі, кадастрлық нөмірі 05-070-047-084, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, Абай көшесі, № 29/2 телімі, ауданы 0,32 га жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастасын.

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні  – 2024 жылдың 01 сәуірі.

  1. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Алексей Александрович Беляевқа осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама жіберсін және заңды талап ретінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
  2. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Алексей Александрович Беляев Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Астана көшесі, 78, «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылы.
  3. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» және «Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  4. «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджеттен қаражат қарастырсын.
  5. «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Алтай ауданының әкімі                                                               Р. Курмамбаев

 

Дата публикации
24 января 2024