Алтай ауданының 2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы
өнеркәсіп жұмысының негізгі қөрсеткіштері
2023 жылғы қаңтар-қарашадағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2022 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемінің артуы болды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 38944,5 млн. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің облыстық көлемінде 1,8% құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейге қатысты алғанда 101,7% бағаланды.
Ауданның өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (66,9%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 26,8%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 3,3% құрады.
2023 жылғы қаңтар-қарашада тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1169,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,1% жоғары. Металл кендерін өндіру көлемі 13,2% артты.
2023 жылғы қаңтар-қарашада өңдеу өнеркәсібінде 26070,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 94,6% құрады. Өсу химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде – 9,5% болғаны байқалады.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 10450 млн. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 90,3% құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда 8,8%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде 4,5% төмендеу байқалды.
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 1255 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 10,8% жоғары. Суды жинау, өңдеу және бөлуде көлемдер 8,7%, ағынды суды жинау және өңдеу 14,2%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жаратуда (қалпына келтіруде) – 15,2% артты.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.