ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 17 желтоқсанда Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің сайлауы өтті.

          Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                        2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жаңа Бұқтырма кенті сайлау округі бойынша

Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің сайлауы

 

          Жаңа Бұқтырма сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне                                     3696 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 2633 дауыс берді.

Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі болып Нұржан Дәуренұлы Канапин сайланды, 1990 жылы туған,  уақытша жұмыссыз, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрады, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 18 желтоқсандағы шешімімен Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімі болып сайланған – Нұржан Дәуренұлы Канапин тіркелді.

 

 

 

Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 декабря 2023