ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 10 желтоқсанда Алтай ауданының Малеевск ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 10 желтоқсанда Алтай ауданының Малеевск ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                        2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Малеевск сайлау округі бойынша

Малеевск ауылдық  округі әкімінің сайлауы

 

         Малеевск сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне                                     1583 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 1136 дауыс берді.

Малеевск  ауылдық округінің әкімі болып Бахыт Оралұлы Исаев сайланды, 1984 жылы туған,  "Алау" ШҚ басшының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Алтай қаласында тұрады, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен Алтай ауданы Малеевск ауылдық округінің әкімі болып сайланған – Бахыт Оралұлы Исаев тіркелді.

 

 

 

Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 декабря 2023