«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 228 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 636 қаулысы

 

«Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 228 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                     65 – бабының 3 – тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі                    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 228 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні  – 2024 жылдың 01 ақпаны.».

  1. «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Алтай ауданы әкімінің

міндетін атқарушы                                                                        С. Охременко

 

Дата публикации
07 ноября 2023