2023 жылғы 5 қарашада өткен Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 45844 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 34607 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 745 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Алтай ауданы әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Құрмамбаев Ренат Тлеуханұлы үшін сайлаушылардың 28233 дауысы берілді,
Мусоболинова Раушан Қалымқызы үшін сайлаушылардың 5328 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7.
Сайлау қорытындысымен Алтай ауданының әкімі болып - Құрмамбаев Ренат Тлеуханұлы сайланды, 1980 жылы туған, Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы.
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы