ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2023 жылғы 25 қазан № 32 Алтай ауданы
Алтай ауданы Полянское ауылдық округінің
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтай ауданы Полянское ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 03 желтоқсанға тағайындалсын. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 03 желтоқсанға белгіленген Алтай ауданының Полянское ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Төраға Б. Тұқтыбаева
Хатшы Р. Букежанова