Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 31
Алтай ауданы район Алтай
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімінің
пилоттық режимде сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтай ауданы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 5 қарашаға белгіленген Алтай ауданының әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Төраға Б. Тұқтыбаева
Хатшы Р. Букежанова