Алтай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Алтай ауданы бойынша шетелдіктер үшін

туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 шілдеде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Алтай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жатақханаларды, Қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, Алтай ауданында туристерді орналастыратын орындарда шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі әр тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
  2. «Алтай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы» Алтай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 8853-16 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
14 сентября 2023