Бекітемін
Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданының әкімі
_______________ Е.Р. Мустафин
«____» ___________ 2023 ж.
Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі. |
||||
|
|
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында облыстың жергілікті атқарушы органдары мен ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерінің қайталануы. |
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерінің қайталануын болдырмау бөлігінде «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына ұсынысқа бастамашылық ету. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданы әкімі аппаратының заң бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
2. |
Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі Лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің шешімдердің бірнеше түрін қабылдау не шешім қабылдаудан бас тарту мүмкіндігі. |
||||
|
|
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлу бойынша ЖАО өткізетін конкурс шарттарын айқындау кезінде нормативтік құқықтық актілердің болмауы. |
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының 50-1-тармағының 3 абзацына өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
3. |
Құқықтық - лингвистикалық белгісіздік. Түсініксіз немесе қос мағынасы бар және осылайша заңсыз түсіндіруге жол беретін ережедегі тұжырым. |
||||
|
|
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында түсініксіз немесе екі мағыналы тұжырымдаманың болуы. |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 2-тармағының бөлігіне өзгерістер енгізуге қатысты Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына ұсыныстар енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
4. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері. |
||||
|
|
«Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығындағы нақты процестердің сәйкес келмеуі. |
Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты ұсыныстар енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген талаптардың жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына қайшылықтары. |
|||||
|
|
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту Қ ағидаларының қайшылығы. |
Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты ұсыныстар енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
5. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы беру. |
||||
|
|
Тракторлар мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы. |
Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына осы мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру мүмкіндігін қарау туралы ұсыныстарға бастама жасау. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
6. |
Құқықтық - лингвистикалық белгісіздік. Заңнамада пайдаланылмайтын, жоба мәтінінде тікелей анықталмаған/түсіндірілмеген және оларға бірыңғай және біркелкі мағына беретін кең, кеңінен пайдаланылмайтын терминдерді пайдалану. |
||||
|
|
Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жағдайларға байланысты өз қалауы бойынша әрекет ету, өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігі. |
Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына көрсетілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің 4-тармағының 2) тармақшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарға бастамашылық жасау. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
7. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері. |
||||
|
|
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы. |
Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкестендіру бойынша Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасына ұсыныстар енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
8. |
Коррупционный фактор Құқықтық - лингвистикалық белгісіздік Түсініксіз немесе қос мағынасы бар және осылайша заңсыз түсіндіруге жол беретін ережедегі тұжырым. |
||||
|
|
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында түсініксіз немесе екі мағыналы Тұжырымдаманың болуы. |
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының қаржы бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
9. |
Құқықтық олқылық. Лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің құзыретін регламенттейтін ережелердің болмауы, бұл заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді өз бетінше айқындау мүмкіндігін тудырады. |
||||
|
|
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй беру тәртібіне қатысты бекітілген нормалардың болмауы. |
Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметтік тұрғын үймен теңестірілген тұрғын үй берудің, тұрғын үй берудің тиісті тәртібі бекітілгенге дейін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілікке қатаң сәйкестікте жүзеге асыру. |
Жалпыға бірдей құқықтық оқыту хаттамасы. |
Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
10. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас. |
||||
|
|
Ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі. |
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Отбасы Банк» АҚ уақтылы және сапалы қызмет көрсету үшін электрондық үкімет порталымен ақпараттық жүйені интеграциялауды жедел жүргізу туралы ұсыныспен ұсыныстар енгізу. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
11. |
Құқықтық олқылық. |
||||
|
|
Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне қатысты құқықтық реттеудің болмауы. |
Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларымен» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ұсынысқа бастамашылық жасау. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
|
12. |
Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеліп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі. |
||||
|
|
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі. |
Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасына «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметті іске асыру қажеттілігі туралы ұсынысқа бастамашылық жасау. |
Бастамашылық хат |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |