ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 25 маусымда Алтай ауданының Серебрянск қаласы және Прибрежный кентінің әкімінің сайлауы өтті.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Алтай ауданының Серебрянск қаласы және Прибрежный кентінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Серебрянск сайлау округі бойынша
Серебрянск қаласының округі әкімінің сайлауы
Серебрянск сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5 426 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 3 443 дауыс берді.
Серебрянск қаласының әкімі болып Нургуль Асановна Бакынова сайланды, 1976 жылы туған, Парыгино ауылдық округінің әкімі, Шығыс Қазақстан облысы, Парыгино ауылында тұрады, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен Алтай ауданы Серебрянск қаласының әкімі болып сайланған – Нургуль Асановна Бакынова тіркелді.
Прибрежный сайлау округі бойынша
Прибрежный кентінің әкімінің сайлауы
Прибрежный сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 512 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 493 дауыс берді.
Прибрежный кентінің әкімі болып Медет Оспанулы Лукпанов сайланды, 1981 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласында тұрады, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен Алтай ауданы Прибрежный кентінің әкімі болып сайланған – Медет Оспанулы Лукпанов.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы