Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын мен мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекітілсін.
- Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 67/3-VI «Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7194 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.