Жергілікті қоғамдастықтың
2023 жылғы «21»қаңтардағы № 1
хаттамасымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданы Никольск ауылдық
округі жергілікті қоғамдастығының
2023-2025 жылдарға арналған
ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Дайындаған: «Шығыс Қазақстан облысы
Алтай ауданы Никольск ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
|
Шығыс қазақстан облысы Алтай ауданы Никольск ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы |
|
|
Ауылдық округтің негізгі сипаттамасы
|
Никольск ауылдық округі 1973 жылы құрылған ( Никольск ауылы – 1870 жылы). Елді мекендердің барлығы - 4 бірлік: Никольск, Бородино, Кремнюха, Алтайка ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы Никольск ауылы. 01.01.2023 жылға халық саны 819 адамды құрады, соның ішінде: Никольск-353 адам Бородино-352 адам Кремнюха-76 адам Алтайка-38 адам. Ауылдық округ Алтай ауданының оңтүстік – батыс бөлігінде, аудан орталығы – Алтай қаласынан 36 км және облыс орталығы-Өскемен қаласынан 210 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округ аумағының оңтүстік-батысында Бұқтырма су қоймасы орналасқан. Округтің жалпы ауданы 65393 га құрайды, соның ішінде елді мекендердің ауданы 6997 га. Жергілікті қоғамдастық жиналысы 2018 жылдың 10 қаңтарында құрылды, 10 адамнан тұрады. |
2023-2025 жылдарға арналған Алтай ауданы Никольск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-1-бабы 10-тармағының 4) тармақшасын, 39-3-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын орындау мақсатында дайындалды.
Даму бағдарламасы тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму кезінде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
01.01.2023 жылғы жағдай бойынша тұрғындардың саны 819 адамды құрайды, жылдың басымен салыстырғанда 53 адамға аз. Ауылдық округтегі ерлердің саны -412, әйелдер - 407. Ауылдық округте 10 ұлттың өкілдері тұрады.
Этникалық құрамы: қазақтар – 37 %, орыстар – 59, %, басқа ұлттар – 4 %, аула саны– 351 (2022 жылмен салыстырғанда 22 аулаға кем).
Экономикалық белсенді халық саны 394 адамды құрайды, жұмыс істейтіндер- 310 адам (экономикалық беленді халық санының 79 % құрайды), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 84 адам (экономикалық беленді халықтың 21 %). Зейнеткерлер – 205 адам, оқушылар – 113, мектепке дейінгі жастағы балалар – 33 адам.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелердің саны 40 бірлікті құрайды, соның ішінде 11 мемлекеттік: «Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, 2 мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 2 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана, 1 ветеринарлық пункт.
Ауылдық округтің негізгі ауылшаруашылық тауар өндірушілері: «Никольск-1» ЖШС, «Бородино» ЖШС, және 11 шаруа қожалығы болып табылады, соның 5-і мал шаруашылығымен айналысады.
Почта және телефон байланысын почта бөлімшесі мен цифрлық телефон станциясы қамтамасыз етеді.
Округ аумағында 7 дүкен бар.
2019-2023 жылдардағы еңбек ресурстарының динамикасы 1 кесте
|
Жылдар |
Халық саны |
||||||
|
БАРЛЫҒЫ |
соның ішінде |
||||||
|
экономикалық белсенділік |
|||||||
|
Барлығы
|
тұрғындардың жалпы санынан % |
Жұмыспен қамтылғандар |
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар |
Жұмыссыздар |
Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар |
||
|
2019 |
986 |
526 |
49,7 |
381 |
145 |
6 |
6 |
|
2020 |
967 |
498 |
50,5 |
362 |
136 |
2 |
2 |
|
2021 |
938 |
494 |
51,5 |
358 |
136 |
6 |
6 |
|
2022 |
872 |
421 |
51,1 |
329 |
92 |
5 |
5 |
|
2023 |
819 |
394 |
48,1 |
310 |
84 |
5 |
5 |
Ауыл тұрғындарының саны жыл сайын қысқарып келеді, 01.01.2023 жылға халық саны 2019 жылмен салыстырғанда 167 адамға қысқарды. Халықтың кетуі жұмысқа қабілетті халықты құрайтындықтан, қысқару өзін-өзі жұмыспен қамтыған секторда көрініс табады.
2019-2023 жылдардағы халық қозғалысының динамикасы
2-кесте
|
|
туылғандар саны |
қайтыс болғандар саны |
табиғи өсім/кему |
|
2019 |
7 |
21 |
-14 |
|
2020 |
5 |
17 |
-12 |
|
2021 |
8 |
19 |
-11 |
Туу динамикасы халықтың табиғи төменденуінен аспайды.
Халық санының төмендеуі негізінен халықтың көші-қон ағыны есебінен орын алады, оның себебі жұмыстың болмауы, төмен ақшалай табыстар және соның салдарынан жастардың білім алуы үшін және перспективалы жұмыс іздеу мақсатында кетуі, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдардың абаттандырылған тұрғын үйлерге, қалалық жерге көшуі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы
Бай және құнарлы жерлердің болуы ауылдық округ экономикасының өсуіне жағдай жасайды. Экономиканың базалық саласы ауыл шаруашылығы өндірісі болып табылады. Оның дамуын ауылдық округтегі азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың деңгейі анықтайды.
Ауыл аумағында ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары орналасқан және жұмыс істейді: «Никольск-1» ЖШС, «Бородино» ЖШС және 11 шаруа қожалығы.
Нақты секторда даму серпіні мал басын ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту есебінен бар. 2019 жылы «Бородино» шаруа қожалығындағы сүт-тауар фермасын 400 сауын бас пен бұзауға арнап қайта құрды, сондай-ақ «Никольск-1» ЖШС-де мал шаруашылығын дамыту есебінен ірі қара мал басының ұлғаюы орын алды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылық қолдау, көп және құнарлы жемдердің қажетті көлемін дайындау бойынша қабылданған шаралар ықпал етті.
Мал азығының жеткілікті қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жерлердің болуына байланысты жеке аулаларда ауыл шаруашылығы мал басының өсу үрдісі бар.
2020-2022 жылдары жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында мал шаруашылығының даму қарқыны
3-кесте
|
№ |
Мал түрі |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
Өсу % 2020/2022 |
|
1 |
ІҚМ |
1812 |
1787 |
1938 |
107% |
|
|
соның ішінде сиырлар |
785 |
934 |
931 |
118,6% |
|
2 |
Қой мен қозылар |
2119 |
2064 |
2054 |
97% |
|
3 |
Жылқылар |
472 |
560 |
621 |
131,6% |
|
4 |
Шошқалар |
455 |
466 |
489 |
107,5% |
|
5 |
Құстар |
8207 |
8354 |
7986 |
97,3% |
2020-2022 жылдардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқыны
4-кесте
|
№ |
Атауы |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
өсу % 2020/2022 |
|
1 |
Ет, тонна |
68,253 |
80,208 |
81 |
118,8 |
|
2 |
Сүт, тонна |
2466 |
2466 |
2467 |
100 |
|
3 |
Жұмыртқа, мың дана |
1223 |
1223 |
1225 |
100,2 |
Сонымен қатар, ауылдық округ экономикасының дамуының негізгі саласы өсімдік шаруашылығы болып табылады.
Егістік алқабы 2972,5 га, шабындықтар 600,1 га, жайылымдар - 4621,8 га. Негізгі ауылшаруашылық дақылдары бидай, қара бидай, күнбағыс, қарақұмық болып табылады.
Кіші бизнес
Округте саудамен айналысатын және демалыс базалары бар 26-тен астам жеке кәсіпкер тіркелген. Сауда желісі 7 дүкенді құрайды: соның ішінде азық - түлік – 6, өнеркәсіптік тауарлар - 1. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласында «Брэвис» ЖШС және басқалары жұмыс істейді.
Осы секторда жұмыс істейтіндердің саны 35 адамды құрайды.
Шағын бизнес халықты жұмыспен қамтудың шамалы пайызын қамтамасыз етеді, тұрғындарды негізгі тауарлармен және азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Ауылдың шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері үдемелі серпінге ие, бұл экономиканың осы секторын дамытудағы оң үрдістерді куәландырады.
Инженерлік инфрақұрылым
Ауылдық округ электр қуатымен, сумен қамтамасыз етілген, телефондандырылған, ішінара интернет бар. Ауылды энергиямен жабдықтауды «ШҚ АЭК» ЖШС аймақтық энергетикалық компаниясы қамтамасыз етеді. Орталық көшелердің жол төсемінің асфальт жабыны бар. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ауылдарда көше жарықтандыруы жүргізілді: Никольскте 3 көшеде, Бородинода 3 көшеде, Кремнюхада 1 көшеде және Алтайкада 1 көшеде. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен ауыл шаруашылығы құрылымдары ауыл ішіндегі жолдарды қыс мезгілінде қардан тазартуда.
Никольск, Бородино және Кремнюха ауылдарында 60-шы жылдары пайдалануға берілген орталықтандырылған су құбыры бар. Сумен жабдықтау желілерінің тозуына байланысты осы желілерді қайта жаңартуды жүргізу қажет. Никольск ауылында қайта құруға ЖСҚ әзірленді, жұмыстар 2020-2021 жылдарға жоспарланған, қалған ауылдар бойынша жобалау жұмыстары жүргізілген жоқ. Жеке сектор мен пәтерлер пеш жағу арқылы жылытылады, Бородино және Кремнюха ауылдарының мектептеріне жылу беретін екі қазандық бар. Никольск, Бородно ауылдарында ұялы байланыс бар, басқа ауылдар мен демалыс базаларында жоқ. Никольск және Бородино ауылдарында қатты-тұрмыстық қалдықтардың жетілдірілген үйінділеріне құқық белгілейтін құжаттар бар. Автобустық жолаушылар қатынасы жоқ, қазіргі уақытта адамдарды тасымалдау жеке автокөліктермен жүргізіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Ауылдық округте 2 орта мектеп жұмыс істейді, онда 113 бала оқиды. 20 бала баратын 2 шағын орталық бар. Мектеп жасындағы балалардың 100 % оқумен қамтылған.
Ауылда 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пункт жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория жанында дәріханалық дүңгіршек бар. Қазіргі уақытта Кремнюха ауылындағы медициналық пунктіге Никольск амбулаториясынан 2 аптада 1 рет фельдшерлер барып, қызмет көрсетіп тұрады. Алтайка ауылында ФП тұрғындардың жеткіліксіз санына байланысты жабылды.
Ауылдық елді мекенде жастардың демалуына жағдай жасалған, Никольск және Бородино ауылдарында «Бос уақыт» коммуналдық кәсіпорны, 2 кітапхана жұмыс істейді, кейбір жабдықтар мен құрал-жабдықтар ауыстыруды қажет етеді.
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығында тұрақты баға саясатының болмауы;
- Өндірістік және технологиялық жабдықтардың тозуы мен ескіруі, сондай-ақ жаңа жабдық бағаларының жоғары болуы;
- Жеке аулаларды кеңейту кезіндегі материалдық қиындықтар;
- Никольск ауылында мал шаруашылығы фермасының болмауы;
- Қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауы.
Шағын бизнес
- Өз айналым қаражатының болмауы, екінші деңгейлі банктер бойынша үлкен пайыздық мөлшерлемелер.
- Жем сататын дүкеннің болмауы;
- Ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жолға қойылған жүйенің болмауы.
Инженерлік инфрақұрылым
- Никольск, Бородино ауылдарында су құбыры желілерін қайта құру қажет;
- Су сорғыш ұңғымаларды жөндеуге және күтіп ұстауға қаражат қажет.
- Көшелердегі жол төсемдерін жөндеу қажет:
Никольск а. - Новая к-сі, Родниковая к-сі, Больничная к-сі;
Бородино ауылы - Островский к-сі, Заречная к-сі, Больничная к-сі;
Кремнюха ауылы - Садовая көшесі,
Алтайка а. - Центральная к-сі, Приморская к-сі;
- Бородино ауылына дейін асфальт жолының болмауы
- Никольск және Бородино ауылдарында жетілдірілген ҚТҚ үйінділерін ұйымдастыру және жайластыру және оларды ұстау
- Округ ауылдарының сыртқы келбетін абаттандырудың төмен деңгейі.
Әлеуметтік инфрақұрылым
- Денсаулық сақтау саласында ауылда кадрлардың жетіспеушілігі;
- Округтің барлық мектептерінде кадрлардың жетіспеушілігі;
- Оқытушылар мен дәрігерлердің лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;
- Никольск ауылының мектеп терезелері мен қасбетін, жылыту жүйесін жөндеу;
- Амбулаторияны жалға алынбаған ғимаратқа орналастыруды қамтамасыз ету.
2.3 Ауылдық округтің даму көрінісі
3.1. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Даму бағдарламасын іске асыру - ауылда одан әрі экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті бюджетті толықтыруға ықпал ететін болады.
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының күтілетін қорытындылары
|
Көрсеткіштер |
2023 ж. |
2024 ж. |
2025 ж. |
% 2025/2023 |
|
халық саны |
950 |
960 |
965 |
101,6 |
|
экономикалық белсенді |
490 |
495 |
500 |
102 |
|
оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар |
140 |
145 |
148 |
105,7 |
|
Жұмыссыздар |
5 |
4 |
3 |
60 |
|
Кәсіпкерлік объектілерінің саны |
2023 ж. |
2024 ж. |
2025 ж. |
% 2025/2023 |
|
а/ш |
14 |
14 |
15 |
107 |
|
ЖК |
27 |
28 |
30 |
111 |
|
Мал басы (бас) |
|
|
|
|
|
ІҚМ |
2270 |
2275 |
2280 |
100,4 |
|
Қой мен ешкі |
2215 |
2220 |
2225 |
100,5 |
|
Жылқы |
695 |
698 |
700 |
100,7 |
|
Шошқа |
470 |
475 |
480 |
102,1 |
|
Құстар |
8360 |
8365 |
8370 |
100,1 |
|
Өнім өндірісі |
|
|
|
|
|
Ет, тонна |
642 |
643 |
644 |
100,3 |
|
Сүт, тонна |
2468 |
2470 |
2471 |
100,1 |
|
Жұмыртқа, мың дана |
1225 |
1226 |
1227 |
100,2 |
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай өмір сүру және жұмысқа орналасу үшін жағдай жасау, жұмыссыз азаматтардың санын ұлғайтуға жол бермеу, ауылда жұмыспен қамтылғандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын ұлғайту, агроөнеркәсіптік кешенде де, қызмет көрсету саласында да кәсіпкерлік қызметті үдемелі дамыту кезінде жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша кредиттік ресурстарды ұсыну арқылы халық санын 1,6 % - ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Мал мен құстың барлық түрлерінің санын көбейту табиғи өсім және несиелеу бағдарламалары бойынша қарыз қаражатын ресімдеген тұлғалардың есебінен жоспарлануда. Жеке қосалқы, ЖШС және шаруа қожалықтарында мал шаруашылығын дамыту есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің өндірісін арттыруға алып келеді.
Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде қосымша 40 жаңа жұмыс орны құрылады, мал басы ұлғаяды, ауылдардың әл - ауқаты жақсарады, әлеуметтік маңызды міндеттер шешілетін болады.
2025 жылға қарай төмендегі негізгі индикаторларға қол жеткізіледі:
- халық санының 2% - ға өсуі;
- жұмыссыздар санын қысқарту 50 %
- аз қамтылған отбасыларды қысқарту 5%;
- жеке кәсіпкерлер санының өсуі 22 %;
- мал басы санының өсуі:
- 3-тен 5 %-ға дейін ұсақ мал;
- ірі қара 3-тен 5 % - ға дейін.
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу түрі |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
Іске асыру мерзімі |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
|
1. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ |
|||||||
|
1.1 |
Алтайка ауылының жағалауында қоқыс қалдықтарына арналған контейнерлерді орнату |
Контейнерлерді орнату |
800 |
Аудандық бюджет |
2023-2025 |
||
|
2. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ |
|||||||
|
2.2 |
Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету |
|
4000,0 |
Аудандық бюджет |
2023-2025 |
||
|
3. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ |
|||||||
|
3.1 |
Бородино а. жетілдірілген ҚТҚ қоқыс үйіндісін салу |
|
9000
|
Республикалық бюджет |
2025 жыл |
||
|
4. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ |
|||||||
|
4.1 |
Никольск а. балалар алаңының құрылысы |
|
5000
|
ОБ, ЖБ |
2023-2025 |
||
|
4.2 |
Бородино ауылында балалар алаңының құрылысы |
|
4400 |
ОБ, ЖБ |
2023-2025 |
||
|
5. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ |
|||||||
|
5.1 |
Кремнюха ауылында |
|
|
ОБ, ЖБ |
2023-2025 |
||
|
6. ӨЗГЕ |
|||||||
|
6.1 |
«Сеитов» ШҚ жанында ІҚМ сүтті өнімін көбейту |
|
500,0 |
Жеке меншік қаражаты |
2023-2025 |
||
|
6.2 |
«Бородино» ШҚ сүтті кешенін кеңейту |
|
289000 |
Жеке меншік қаражаты |
2023-2025 |
||