Алтай ауданының көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Алтай ауданыңда көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілермен актілерге сәйкес әзірленді.
- Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан да көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
5) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
6) көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (бұдан әрі – жай серіктестік) – кондоминиум объектісін басқарудың қолданыстағы нысаны, пәтер иелерінің бірлескен қызметі туралы шарт негізінде және тұрғын емес үй-жайлар;
7) басқарушы компания – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
8) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін басқару органы.
2-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу (орнын толтыру) және жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру тәртібі
- Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты өтеуін (орнын толтыру) қамтамасыз ету шартымен лифтілерді жөндеуді және ауыстыруды, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуді жиналыстың шешімінің негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Осы Қағидалар Алтай ауданына біріңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөдеу жөніндегі іс – шараларды қаржыландыруға қолданылмайды.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушы) Заңда айқындалған тәртіппен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге міндетті.
- Лифтілерді жөндеу және ауыстыру, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін жергілікті бюджет қаражатын жұмсаған шығыстарды өтеуді (орын толтыру) кондоминиумның барлық қатысушылары жүзеге асырады.
- Лифтілерді жөндеу және ауыстыру, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі (орнын толтыру) жөндеуді жүргізуді ұйымдастыру үшін тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
- Бюджеттік бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен бекіту кезінде тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган күрделі жөндеу жүргізуді, сондай-ақ лифтілерді жөндеуді және ауыстыруды талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
3-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру, жергілікті бюджет қаражатын және пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің шығындарын өтеу есебінен лифтілерді жөндеу және ауыстыру тәртібі
- Күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыру үшін, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтілерді жөндеу және ауыстыру бойынша тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналысына бастамашылық жасайды.
Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган лифт жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, техникалық куәландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын мамандандырылған сараптама ұйымының қорытындысы негізінде түгендеу жүргізеді, жөндеуге және ауыстыруға жататын лифт жабдықтарының тізбесін қалыптастырады.
- Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері күрделі жөндеу жүргізуге қатысу туралы жиналыста, сондай-ақ лифтілерді жөндеу және ауыстыру жағдайында жергілікті бюджет есебінен қайтару негізінде шешім қабылдайды.
Бұл ретте пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының үштен екісінен астамының келісімімен қабылданады. Жиналыс қабылдаған шешімдер хаттамамен ресімделеді.
- Жиналыста оң шешім қабылданған жағдайда тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган оларды жөндеу немесе ауыстыру жөніндегі жұмыстардың құрамы мен көлемін айқындау үшін лифтілердің техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.
Лифтілердің техникалық жай-күйін тексеру, табиғи тозу дәрежесін белгілеу мақсатында орындалады.
Техникалық жай-күйін тексеру қорытынды бойынша тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтілерді ағымдағы жөндеу немесе ауыстыру жөніндегі сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Тексеру және жобалау тиісті лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен орындалады.
- Жобалау сәулет, қала құрылысы саласында лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдардың және құрылыс қызметі күшімен орындалады.
- Көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді, лифтілерді жөндеу және ауыстыруды тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті мердігерлік ұйымды тарта отырып орган жүзеге асырады.
- Лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге жергілікті бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстарды өтеу (орнын толтыру) үшін тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган мүлік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасымен немесе көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысымен, басқарушы компаниямен және осы көппәтерлі тұрғын үй пәтерінің, тұрғын емес үй – жайының әрбір меншік иесімен үш жақты шарттар жасасады.
- Лифтілерді жөндеу және ауыстыру, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін ақшалай өтемақының (орнын толтыру) мөлшері айқындалады, үш жақты шартта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің үлесіне сәйкес техникалық сипаттамалар негізінде жүзеге асырылады.
- Лифтілерді жөндеу және ауыстыру, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Көппәтерлі тұрғын үйді қабылдау және пайдалануға беруде күрделі жөндеу, сондай-ақ лифтілерді жөндеу және ауыстыру жөніндегі жұмыстарға мердігерлік ұйымдардың өкілдері, тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды, техникалық қадағалауды, авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган, сондай-ақ үй кеңесі, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы қатысады.
- Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге жергілікті бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстарды өтеуді (орнын толтыру) үш жақты шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын кестемен қамтамасыз етеді.
- Тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган мүлік иелері бірлестігінің төрағасымен не жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасымен немесе көппәтерлі тұрғын үй басқарушысымен, басқарушы компаниямен бірлесіп, жергілікті бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстарды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің өтеуіне (орнын толтыру) мониторингті және бақылауды қамтамасыз етеді.
- Пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығы ауысқан кезде көп пәтерлі тұрғын үйде сатушы көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, пәтерді, тұрғын емес үй-жайды өткізу кезінде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға жергілікті бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстарды өтеу (орнын толтыру) бойынша берешектің пайда болған сомасын өтейді.
- Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі белгіленген төлем күнінен кейін көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға жергілікті бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстарды өтеу (орнын толтыру) бойынша берешекті өтемеген кезде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы не қарапайым серіктестіктің сенім білдірілген адамы берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөнінде шаралар қолданады.