Шешім жобасы Шетелдіктер үшін туристік жарна ставкасын бекіту туралы

Шешім жобасы

Шетелдіктер үшін туристік жарна ставкасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының                 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктерге арналған туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Алтай ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкалары – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алтай ауданын

мәслихатының хатшысы                                                               Л. Гречушникова

Дата публикации
19 декабря 2022