«Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

                                                                           Алтай  ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 06 қарашадағы

№ 440 қаулысына

2-қосымша

 

 

«Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрі – Бөлiм) жергілікті өзін-өзі басқарудың, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін басқару, үйлестіру және бақылаудың кейбір қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.
  5. Бөлім, егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатысуға құқылы.
  6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесi, 18.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. Бөлімнің құрылтайшысы - «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі құрылтайшы).
  11. Бөлім қызметiн қаржыландыру Алтай ауданының жергілікті бюджетімен іске асырылады.
  12. Бөлімге Бөлімнің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  13. Бөлімнің жұмыс уақыты ішкі еңбек ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс. Қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағатты құрайды. Бөлімнің жұмыс уақыты 09:00-ден бастап жергілікті уақыт бойынша 18:30-ға дейін. Үзіліс сағат  13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері Бөлім жұмыс істемейді.
  14. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлім Миссиясы:

1) мемлекеттік саясатты қалыптастыру, Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуды тиісті қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету құру арқылы дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы қатынастарды реттеу.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) дене шынықтыруды, спортты дамыту саласындағы аймақтық бағдарламаларды іске асыру, Алтай ауданында туризмді дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

2) азаматтардың жеке меншік формаларын өзгерту жағдайда дене шынықтырумен және сауықтырумен, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін арналған спорттық және спорттық - техникалық құралдар мен объектілерді сақтау;

3) басқа ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді насихаттауды жүзеге асыру;

4) клубтар мен спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру;

5) спорттық жарыстар мен өзге де спорттық іс-шараларды, телеарналар мен радиоарналада және т. б. жариялау.

6) Алтай аймағында туризмді дамыту және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

  1. Бөлімнің функциялары:

1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалу орындарында спорттық іс-әрекеттері үшін инфрақұрылым жасайды;

2) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорт жарыстар өткізеді;

3) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

4) Алтай ауданы аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің  дамытуын қамтамасыз етеді;

5) Алтай ауданындағы аймақтық дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

6) спортшыларға спорттық разрядтар береді: 2-разрядты спортшы,                   3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядты спортшы, 2-жасөспірімдер разрядты спортшы, 3-жасөспірімдер разрядты спортшы;

7) біліктілік санаттарын тағайындайды: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;

8) спорттық  іс-шаралардың бірыңғай аймақтық күнтізбесін іске асырады;

9) Алтай ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

10) аймақтық жергілікті атқарушы органына Алтай ауданының аумағында дене шынықтыруды мен спортты дамуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімде жинайды, талдайды және ұсынады;

 11) аймақтық және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың аймақтық тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

12) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

13) дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

14) Алтай ауданында спорт объектілерінің құрылысын үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

16) балалар мен жастарға арналған аудандық мамандандырылмаған мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

17) Алтай ауданының туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіреді және жүзеге асырады;

18) Алтай ауданының аумағында туризм туралы ақпаратты жинайды, талдайды және аудан әкіміне ұсынуды;

19) туристік саланы дамыту жоспарларын әзірлейді және аймақтық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

20) Алтай ауданында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салуды үйлестіреді;

21) балалар мен жасөспірімдер лагерлерінің, туристік бірлестіктердің қызметіне және тәуелсіз туризмді дамытуға көмектеседі;

22) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует туралы, туризм объектілері туралы және туристік қызметті жүзеге асыратын адамдар туралы ақпарат береді;

23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Бөлім құқығы бар:

1) мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағынысты мекемелерден және лауазымды адамдардан мемлекеттік органның құзыреті мәселелері бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру, спорт және туризм мекемелерінің қызметін реттейтін нормативтік актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) ведомстволық бағынысты мекемелердің бұйрықтарын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруға;

4) ведомстволық бағынысты мекемелерді тексеруге;

5) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекемелерде оларды ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлаудың, бөлудің және пайдаланудың дұрыстығын, тиімділігін тексереді;

6) мемлекеттік органның құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ салааралық және аймақаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

7) осы ережеде, қолданыстағы заңнамамен, жасалған шарттармен айқындалған құзыреті шегінде басқа мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен өз қарым-қатынас орнатуға;

8) белгіленген тәртіппен дене шынықтыру, спорт саласындағы ерекше көзге түсен қызметкерлерді марапаттайды, құрметті атақтар беруге үміткерлер ұсынады;

9) ғылыми-зерттеу ұйымдарын, орталықтарды, баспаларды, жекелеген ғалымдарды, оның ішінде шетелдіктерді, дене шынықтыру, спорт және туризм салаларын дамытуға ғылыми-ақпараттық қолдауды іске асыруды келісім шарт негізде және келісімшарт негізде тартуға, білім беру мәселелері бойынша ақпарат жинауға және таратуға, дене шынықтыру және спорт, өздерінің баспа орындарына ие;

10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  1. Бөлім міндетті:

1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде түсініктемелер, ақпараттар мен материалдар беруге;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді;

3) Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

4) Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

 

 

  1. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Бөлімді басқаруды Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікті көретін бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Алтай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін марапаттауға және тәртіптік жаза қолдануға;

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;

6) Басқарманың штаттық санын Алтай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат пен құрылым  шегінде бекітеді;

7) сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қажетті шараларды қабылдайды және бұл үшін жеке жауапкершілікті көтереді;

8) ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жетімділігін қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлім басшысының ол болмаған кезде өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

  1. Мемлекеттiк органның мүлкi

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару негізінде оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (оның ішінде) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ, егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе.

 

  1. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
14 декабря 2022