ЖОБА
Алтай ауданының аумағында сайлау
учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімге қосымшаға сәйкес Алтай ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
- «Алтай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Алтай ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6492 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы С. Охременко
«КЕЛІСІЛДІ»
Алтай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
_____________Р. Шарифуллин
_____________ 2022 года