Туризм саласындағы
мемлекеттік қолдаудың
жаңа шараларын іске асыру
Туризм саласындағы
мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары
|
Шетелдік әрбір турист үшін туроператорларды субсидиялау |
15 000 тенге |
МКС |
|
Тау шаңғысы сатып алу бойынша жабдықтарын өтеп беру |
25% |
|
|
Туристік объектілдерді салу кезіндегі өтеу |
10% |
МИО |
|
Туристік автобустарды сатып алу бойынша өтеу |
25% |
|
|
КС объектілдерін салу кезіндегі өтеу |
10% |
|
|
СМЖ күтіп-ұстауға субсидиялау |
83 300 тенге/ай сайын |
|
|
Балалар авиабилеті үшін өтеу |
100% |
Kazakh Tourism |
Шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінім берген кезде туроператордың өкілі кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариат куәландырған сенімхатты қосымша ұсынады;
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күні алынған есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектердің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) ҚР Инвестициялар және даму министрінің "турға арналған үлгілік шартты бекіту туралы"2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес жасалған, туроператор мен шетелдік турист арасында жасалған, қызмет көрсету тур шартының көшірмесі немесе резидент емес туроператормен турға қызмет көрсетудегі серіктестік шарт;
4) шетелдік Туристтің жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту фактісін растайтын оларға парақтардың көшірмесі;
5) шетелдік туристтің жолаушылар купоны көшірмесі;
6) келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асырудағы лицензияның көшірмесі;
7) шарт бойынша туристік өнімге ақы төленгенін растайтын құжат.
Тау шаңғысы жабдықтарын сатып алу бойынша өтем
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алуды растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).
копия документа, подтверждающего приобретение оборудования и техники для горнолыжных курортов (электронные счет-фактуры либо договор купли-продажи, в случае приобретения в кредит – кредитный договор).
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден немесе сатушыдан сатып алған кезде, сатып алу бойынша шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесімен (үшінші елдерден, Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын) немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесімен расталады;
3) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы өткізетін және сатып алатын кәсіпкерлік субъектісі арасындағы тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы қабылдау-беру актісінің көшірмесі;
4) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникаларға арналған техникалық паспорттардың көшірмелері;
5) тау шаңғысы курортын иелену құқығын немесе оның өзге де заңды негізін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) тау шаңғысы курорттарына арналған сатып алынған жабдықтар мен техниканы, оларды тау шаңғысы курорттарына жеткізгеннен кейін техникалық құралдармен өндірілген, сондай - ақ монтаждау мен орнатудың фото-және бейнетіркеу материалдары.
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникаларға мыналар жатады:
1) арқанды жолдар (траволаторлар( таспалы көтергіштер), бугель (шынжырлы көтергіш), арқанды-креслолықты жол, кабина түріндегі гондольды жол, комби (Құрамдастырылған жол (креслолары бар кабина), бейби лифт (тіреусіз ілмекті көтергіш);
2) трассаларды жасанды қарсыздандыру жүйесі (ұтқыр қар генераторлары (тасымалданатын), стационарлық қар генераторлары, қар мылтықтары мен зеңбіректері);
3) қар тығыздау техникасы (ратраки).
Туристік объектілерді салу/реконструкциялау кезінде өтеу
ЖАО-ға (ИИДМБ туризм бөлімі) өтінімді қағаз немесе электрондық нысанда тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 наурызына дейін қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберу (электрондық мекенжайы u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz).
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) «Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша «негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп» (индексі 1-инвест, Кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмесі толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген);
5) реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото - және бейнетіркеу материалдары салынған.
Жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы 8 орыннан асатын туристік автобустарды сатып алу бойынша өтеу
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алғанын растайтын құжаттың (бұдан әрі – автокөлік құралы) көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден автокөлік құралын сатып алған кезде автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік Декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-баптың 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады;
5) сатып алынған автокөлік құралының фото - және бейнетіркеу материалдары.
Жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде өтеу
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
4) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген СРО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі.
Санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға субсидиялау
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) СМУ-ге меншік немесе өзге заңды иелену немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) СМУ орналасқан жер учаскесіне меншік құқығын немесе өзге де заңды иелік ету құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Балалар авиабилеті үшін өтеу
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінім берген кезде туроператордың өкілі туроператордың мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхатты қосымша ұсынады;
2) берешектердің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған, есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі;
3) Қазақстан Республикасының азаматы не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ адам болып табылатын кәмелетке толмаған жолаушыға билеттің және жолаушылар купонының көшірмесі;
4)Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі (кәмелетке толмаған жолаушы үшін азаматтығы жоқ адам болып табылатын);
5) нотариалды куәландырылған сенімхаттың көшірмесі (егер кәмелетке толмаған жолаушы жақын туысымен тасымалданған жағдайда);
6) «Туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес жасалған туроператор мен шетелдік турист арасында жасалған туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) келу және ішкі туризм саласында туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі;
8) қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік қызмет көрсету туралы мәліметтер.
НҚА сілтемелер
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025912
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026382
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026403
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026380
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026375
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025801
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025724