«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) армақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 06 мамырдағы № 286 ұсынысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Прибрежный кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құтырық ауруының анықталуына байланысты Алтай ауданы Прибрежный кентінде 1 квартал № 11 үй аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Прибрежный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалтырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Прибрежный кентінің әкімі Е. Ерболатов