2022 жылғы 11 мамырда Алтай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының отырысы өтті
2022 жылғы 11 мамырда сағат 18-00-де Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес әкімдікке кандидаттардың келіп түскен құжаттары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алтай ауданының Тұрғұсын ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданды:
Тіркелген Әкімдікке кандидаттарға тиісті куәліктер беру;
Тіркелген әкімдікке кандидаттарды сайлау бюллетеньдеріне енгізсін.
Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы