«Алтай ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Алтай ауданының қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Алтай қ.                                                                                    20.04.2022 жыл

 

         «Алтай ауданының қаржы бөлімі» ММ - де (бұдан әрі - Бөлім) 2021 жылға бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Бөлім басшысының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 55 П бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы мынадай құрамда құрылды:

1) Е.В. Алсуфьева – коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі;

2) О.А. Кулешова – бюджетті атқару жөніндегі секторының меңгерушісі.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 01-20 сәуір аралығында.

         Талданатын кезең: 2021 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобымен бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық актілер зерделенді.

Мемлекеттік органның ережесін зерделеу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне 22 функция талданды (2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрліктің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысы).

           Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

«Персоналды басқару бойынша қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі, Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары зерделенді.

Көрсетілген заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді зерделеу барысында лауазымды адамдардың өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

Барлық қызметкерлер зерттеу кезеңінде оқытудан, біліктілікті арттырудан өту мерзімдері мен тәртібін сақтады. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайта бұзу, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарына мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі, зерттеліп отырған кезеңде бөлімге және оның қызметкерлеріне қатысты теріс материалдар, пікірлер болған жоқ.

Талданып отырған кезеңде жақын туыстарының (ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың) бірге қызмет ету фактілері анықталған жоқ.

Алтай ауданының қаржы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

 

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, бөлім қызметкерлерінің тікелей басшылармен және жоғары тұрған басшылықпен үлестестігі фактілері, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу анықталған жоқ.

Бөлімде рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.

        

«Мемлекеттік сатып алуды өткізу саласындағы бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша: 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы,  «2021 – 2023 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 76/2-VI шешімі, «Алтай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Алтай ауданының қаржы бөлімі басшысының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 335 п бұйрығы, «2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту туралы» Алтай ауданының қаржы бөлімі басшысының 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 2 п бұйрығы зерделенді.

 

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерімен уақтылы шарттар жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген, нақтыланған жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде үлестес болу, мемлекеттік мекеменің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерінің өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

Бөліммен 2021 жылы жалпы сомасы 21 908 329,13 теңгеге 68 мемлекеттік сатып алу өткізілді.

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы талдау кезеңінде 146 конкурс өткізді, оның ішінде 2 алдын ала біліктілік іріктеу бойынша.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі және өнім берушімен қандай да бір байланыс болмайды. Шарттарды жасасудың тек электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және дұрыс ақпарат қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын анықтауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтығына бағытталған басқа да бірқатар нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Мемлекеттік сатып алу кз маркеті туралы» (omarket.kz) бағдарламасын енгізу есебінен тауарларды сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беру азайтылды.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі бөлімнің қызметін зерделеу бойынша ішкі талдау барысында 2021 жылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 16 өтініш келіп түскені анықталды, оның ішінде 6-ы азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы құралдары бойынша (eotinish.kz). Өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (01.07.2021 ж.бастап күші жойылды), «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі (01.07.2021 ж. бастап заңды күшіне енді) заңнамаға сәйкес қаралды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген мәселелердің басым бөлігі артық аударылған трансферттерді қайтарумен байланысты. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тұрақты есепке алу, өтініштердің уақтылы қаралуын бақылау жүргізіледі.

2021 жылы өтініштерді қарау мерзімдерінде бұзушылықтар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, қызметшілердің этиканы және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басқа да талаптарды бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

Бөлімде 6-37-24 сенім телефоны жұмыс істейді. Бөлім басшысы тұрақты түрде әр айдың бейсенбісінде сағат 16-дан 17.00-ге дейін, басшының орынбасары әр жұма сайын сағат 16-дан 17.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.

 

Бөлім Алтай ауданының коммуналдық меншігін басқару бойынша уәкілетті. Функцияны орындау бойынша жүзеге асыру кезінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын, Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын басшылыққа алады.

2021 жылы «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы арқылы жалпы сомасы 43 215 мың теңгеге 9 объект жекешелендірілді. Аукциондар заңнамаға сәйкес өткізілді, бұзушылықтар жоқ.

Бөлім мүлікті сенімгерлік басқаруға немесе жалдауға (жалға алуға) берген жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде комиссия бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынады.

 

 

Кулешова Олеся Александровна

 

Алсуфьева Екатерина Валерьевна

 

Дата публикации
11 мая 2022