2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Алтай ауданында өнеркәсіптік өндірістің индексі 84%-ды құрады. Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру көлемі – 3,2%-ға артты, ал металл кендерін – 18,7%-ға төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 106,4%-ды құрады. Металлургия өнеркәсібінде – 6%-ға өсуі байқалды. Машина жасауда – 9,4%-ға төмендеуі болғаны байқалады.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өнеркәсіптік өндірістің индексі 107,2%-ды құрады. Бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде – 3,1%-ға өндіріс көлемінің өсуі байкалды.
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте есепті кезеңде 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,6%-ды құрады.