Алтай ауданы әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы.

2021 жылдың 12 айында Алтай ауданы әкімінің аппаратына және оның құрылымдық бөлімшелеріне жеке және заңды тұлғалардан 952 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 815 – жеке тұлғалардың өтініштері, 137 - заңды тұлғалардың өтініштері. – 2 (өтініш берушінің өтініші бойынша), түсініктеме берілді – 409, қайта жіберілді - 79).
2020 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы түскен өтініштердің саны 228 өтінішке кем. Өткен кезеңде Алтай ауданы әкімінің аппаратында өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.
Көтерілген проблемалардың сипаты бойынша өтініштерді талдау тұрақты мәселелер шеңберінің болуын көрсетеді, бұл мәселелер:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 106 (303);
жерді пайдаланудың жалпы мәселелері – 77 (237);
еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз етудің жалпы мәселелері – 15 (83);
ауыл шаруашылығы-19 (24);
құрылыс-32 (60);
азаматтық хал актілерін тіркеудің жалпы мәселелері-160 ;
басқа сұрақтар-543 (407).
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.
Есепті кезеңде Алтай ауданының, Алтай, Серебрянск қалаларының, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары 130 жеке қабылдау өткізді, онда 142 адам қабылданды.
Аудан әкімімен 25 қабылдау өткізіліп, 32 адам қабылданды. Жеке қабылдау барысында азаматтар көтерген барлық мәселелер қаралып, орындалды. Жеке қабылдауларда өтініштерді сапасыз және уақтылы қарамау бойынша шағымдар түскен жоқ.
ШҚО әкімі аппаратының 2021 жылғы 06 тамыздағы тапсырмасы бойынша аудан әкімінің орынбасарларымен және дербес бөлімдердің басшыларымен азаматтарды көшпелі қабылдау жүргізіледі. Апта сайын аудандық "Пульс Алтая" газетінде Алтай ауданының орынбасарлары мен дербес бөлімдері басшыларының азаматтарды көшпелі қабылдау кестесі жарияланады. (Осы кезеңде барлығы 386 көшпелі қабылдау өткізілді, онда 758 азамат қабылданды).
Тұрғындардың электронды Үкімет порталы, ШҚО әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі, әлеуметтік желілер арқылы өтініш беру белсенділігі артуда.
ШҚО әкімінің қоғамдық қабылдауына 40 өтініш түсті. Оның ішінде ТКШ мәселесі бойынша – 33, халықтың еңбегі мен жұмыспен қамтылуы – 5, білім беру – 1, денсаулық сақтау – 1.
Жоғарыда аталған арналар арқылы келіп түскен барлық өтініштер уақытылы қаралып, орындалды.
Өткен кезеңде жүктелген функционалдық міндеттердің әрекетсіздігі, орындалмауы фактілері анықталған жоқ. Аталған жұмыс Алтай ауданы әкімі аппараты басшысының тұрақты бақылауында болады.

Дата публикации
15 апреля 2022