Об итогах рассмотрения обращений физических и юридических лиц в аппарате акима района Алтай.

2023 жылы Алтай ауданының мемлекеттік органдарына барлығы 1116 өтініш келіп түсті.

Өтініш берушілердің басым бөлігі аудан (366 өтініш) және қала әкімдіктеріне (191), ауыл шаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік (111), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы (71) бөлімдеріне  жүгінді.

Ауданның мемлекеттік органдарымен барлығы 997 өтініш қарастырылды, 119 өтініш құзыреті бойынша жолданды.

 Қаралған өтініштердің жалпы санынан әкімшілік рәсім тәртібімен 40,5 пайызы (664 өтініш), оңайлатылған рәсім тәртібімен (хабарламалар, сұрау салулар, ұсыныстар, жауаптар) – 59,5 пайызы (452 өтініш) қаралды.

2023 жылы құзыреті бойынша  жолдау және өтініштерді қарау мерзімін бұзу анықталған жоқ.

2023 жылы аудан, кенттер және ауылдық округтер әкімі 89 қабылдау өткізді, 114 азамат және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, оның ішінде: Алтай ауданының әкімі және оның орынбасарлары 64 қабылдау өткізді. 86 азамат қабылданды.

 

 

Дата публикации
15 апреля 2022