Алтай ауданы ақпараттың тобының жұмысы
Алтай ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫ» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында 23 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді, оның құрамына 154 адам кіреді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Жолдауда айтылған бастамаларды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Сәуір айында ҚР Президентінің Жолдауын талқылау және ұлтаралық келісімді нығайту бойынша келісім Кеңесінің отырысы өткізілді.
Ақпараттық топ мүшелері барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында кездесулер өткізеді.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстар мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың бірыңғай ұлтты қалыптастыру, қоғамдық келісімді қолдау, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекттік органдар мен азаматтық институттардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
«Жаңа Қазақстанды» құрудың мәлімделген стратегиясы ел тәуелсіздігінің бүкіл кезеңі ішінде дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттің демократиялық жаңғыруына қуатты серпін береді.