Тарих беттерінен
«Серебрянск қаласының В. М. Инюшин атындағы № 1 орта мектебі» КММ-де «Алтай ауданы тарихының беттері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына мектептің жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Іздеу жасағының волонтерлері іздеу жұмыстарының материалдарымен таныстырды, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар туралы материал ерекше қызығушылық тудырды. 9 сыныптың екі оқушысы қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары туралы айтып берді. Жеке брошюра шығаруға материал дайындалуда.