Қазақстан Республикасы
«Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2- тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
- «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Алтай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/8-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-152 болып тіркелген);
- «Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/8-VІ «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығы мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6400 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.