«Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 айдағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жөніндегі талдамалы анықтама

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі аппараты» жергілікті атқарушы органы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  №410-V ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданады», ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Ішкі талдау әкім аппаратының 2021 жылғы 01 қаңтардан 30 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңін қамтиды.

«Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 айдағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жөніндегі талдамалы анықтама
Дата публикации
18 января 2022