«Алтай ауданының туризм бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

06-01-2020 16:10
Алтай қ. 30.12.2019 жыл

«Алтай ауданының туризм бөлімі» ММ (бұдан әрі-бөлім) бөлім қызметіндегі 2018 жылы және 2019 жылы 12 айларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Бөлім басшысының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 34п бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды: Князев Вячеслав Евгеньевич – бөлім басшысы, Дубровская Мария Владимировна (келісім бойынша) – кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Бимашева Жангүл Кадесовна – «Алтай ауданының туризм бөлімі» ММ инспектор-корректоры.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:2018 жылғы 03 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 желтоқсанға дейін.

Талданатын кезең: 2018 жыл және 2019 жыл 12 айлар.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобымен бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер зерделенді.

Мемлекеттік органның ережесін зерделеу барысында 12 функцияға талдау жасалды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы туристік қызмет туралы Заңы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы»2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген,нұсқаулық, 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысы).

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

«Персоналды басқару жөніндегі қызметке қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша зерттелген:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесі, лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу Ережесі.

Аталған заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде тосқауыл жасауға ықпал ететін ережелер, нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

Барлық қызметкерлер зерттелетін кезеңде оқытудан, біліктілікті арттырудан өту мерзімі мен тәртібін сақтады. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алып тастау, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі, зерттелетін кезеңде бөлімнің және оның қызметкерлерінің атына жағымсыз материалдар, пікірлер болған жоқ.

Талданып отырған кезеңде жақын туыстарының (ерлі-зайыптылар, жекжаттар) бірлескен қызмет фактілері анықталған жоқ.

Алтай ауданының туризм бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

«Бөлімнің ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің тікелей басшысымен және жоғары тұрған басшылықпен мүдделер қақтығысының болу фактілері анықталған жоқ, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзушылықтары анықталған жоқ.

Бөлімде рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.

«Мемлекеттік сатып алуды өткізу саласындағы бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша зерттелді:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Заңы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды талдау нәтижелері бойынша, анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бөлімнің қызметін зерделеу бойынша ішкі талдау барысында 2018 жылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2, 2019 жылдың 12 айында - 1 өтініш келіп түскені анықталды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген мәселелердің басым бөлігі көршілес жер пайдалану субъектілерімен даулы жағдайларды шешуге байланысты.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, қызметшілердің этиканы және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басқа да талаптарды бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі, зерттелетін кезеңде бөлімнің және оның қызметкерлерінің атына жағымсыз материалдар, пікірлер болған жоқ.

Бөлімде 6-12-83 сенім телефоны жұмыс істейді. Бөлім басшысы азаматтарды жеке қабылдауды әр бейсенбіде сағат 16-дан 17.00-ге дейін тұрақты жүзеге асырады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, комиссия мынадай тұжырымға келді, Бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынады.

 

Князев Вячеслав Евгеньевич
Дубровская Мария Владимировна
Бимашева Жангуль Кадесовна

Дата публикации
30 декабря 2019