«Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары жөнінде аналитикалық анықтама

24-12-2019 11:51
Алтай қ. 2019 жылғы 20 желтоқсан

«Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ (әрі қарай - Бөлім) 18.12.2019 ж. бастап 20.12.2019 ж. дейінгі мерзімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдаумен Бөлімнің 01.01.2019 ж. бастап 30.11.2019 ж. дейінгі мерзімдегі жұмысы қамтылды.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бөлім бірқатар міндеттерді және қызметтерді атқарады.

Бөлімнің міндеттері Алтай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы нәтижелеріне қол жеткізу бойынша басымдық бағыттарды іске асыру және стратегиялық жоспарларға қол жеткізуге бағдарланған экономикалық және бюджетттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты құру бойынша ұсыныстарды пысықтау болып табылады.

Бөлімнің функциялары:

1) Бюджеттік параметрлермен өзара байланысты ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

2) ауданның аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу, мониторингісін іске асыру;

3) «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметік қамтамсыздандыру, мәдениет, ветеринария және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау» мемлекеттік қызметті көрсету.

4) ауданның әлеуметік-экономикалық дамуы және экономика саласының мониторингісін жүргізу;

5) үш жылдық кезеңге Алтай ауданының бюджетін әзірлеу және нақтылау;

6) бюджеттік инвестициялық басымдық жобалардың тізбесін құру (бағдарламаларын) оларды іске асыру мониторингісі жүргізу және бағалау;

7) атқарушы органдардың бюджеттік тапсырыстары бойынша бекітулерді қарау, бағалау және дайындауды іске асыру;

8) бюджет түсімін болжамдау;

9) аудан бюджетінің жобасын құрады және аудандық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;

10) аудандық бюджет комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

11) Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару қызығушылығында жүзеге асырады.

Бөлім басшысы – Рафаэль Шариполлинович Хамитов, лауазымына 2017 жылғы 22 желтоқсанда тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) бөлімнің қызметіне қатысы бар нормативті-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

1. ЖАО қызметіне қатысы бар нормативті-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында бөлімде қызмет саласын реттеуші нормативті-құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА) қатысты сипатты және маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын екінші бағыт бойынша.

1) Қызметшілерді басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2019 жылғы 11 айға бөлімнің тізімдік саны 12 бірлікті құрайды, нақты саны – 12 бірлік, бос орын – 1 бірлік. Жыл бойында 2 адам жұмысқа қабылданды. 2 адам жұмыстан босатылды (демалыс кезеңіне жұмысқа қабылданған болатын). Жағымсыз қылықтармен және басқа негіздермен жұмыстан босатылғандар жоқ. Лауазымынан төмендету, тәртіптік жаза қолдану фактілері болған жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік қызметшілердің оқудан өту, біліктіліктерін арттыру мерзімдеріне және тәртібіне кесте бекітілген.

Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері жоқ.

Мемлекеттік қызметке қойылған шектерді сақтауды бұзушылықтар болған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалау рәсімдеріне талап қою, өндіріп алуды қою фактілері болған жоқ.

Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықты бұзған, қылмысты істі тұлғалар басқаруда жоқ, жұмысқа қабылданған жоқ.

Мемлекеттік қызметті өтеу барысында мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік немесе қылмыстық құқықты бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2019 жылғы 11 айда жеке және заңды тұлғалардың өтініштер түскен жоқ.

Бөлім атына мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан арыз жазумен өтініштер түскен жоқ.

2) Мүдделік жанжалдарды реттеу

Талдау барысында жақын туысқандардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың біріккен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Бөлім ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру бойынша бір мемлекеттік қызметті көрсетеді.

2019 жылы қаржыландыру жоспарымен қарастырылды және берілді:

- 1237,3 мың теңге сомасына 7 көтерме жәрдемақы (соның ішінде, білім берудің 6 маманына 1060,5 мың теңге жалпы сомасына, 1 мәдениет маманына 176,8 мың теңге жалпы сомасына);

- 26512,5 мың теңге сомасына 7 бюджеттік несие, (соның ішінде, білім берудің 5 маманына 18937,5 мың теңге жалпы сомасына, денсаулық сақтаудың 1 маманына 3787,5 мың теңге жалпы сомасына, 1 мәдениет маманына 3787,5 мың теңге сомасына).

Мемлекеттік қызмет қаржыландыру жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдерін сақтаумен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша бекітілген Стандарттарды және регламенттерді сақтаумен көрсетілді.

Жыл сайын бөлімде «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша оқыту өткізіледі.

4) Рұқсат беру функцияларын орындау

Бөлім рұқсат беру функцияларын жүргізбейді.

5) Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру

Бөлім бақылау-қадағалау функцияларын жүргізбейді.

Бөлімнің атына жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызметшілердің қызметіне (әрекетсіздігіне) арыздар түскен жоқ.

6) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін объектінің ұйымдастыру-басқару қызметінде туындайтын басқа да мәселелер.

6.1. Басқа мемлекеттік органдардың тексерулері

Ағымдағы мерзімде Бөлімде 034 «Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер» республикалық бағдарламасы аясында «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттарды пайдалану мәселесі бойынша ішкі аудит жүргізілді.

Аудиттің қортындысында 359 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылық анықталды, атап айтқанда:

Қарыз шартының 1.6-т. бұзушылық, бөлек соңғы қарыз алушы Сенім білдірілген агенттің («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) шотына енгізу жолымен қарызды уақытында төлеу қамтамасыз етілмеді.

Аудит барысында 132,1 мың теңге қалпына келтірілді.

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымға сәйкес, 227,7 мың теңге жалпы сомасына бюджеттік кредиттерді төлеу бойынша қарыздары бар қарыз алушылармен әңгімелесулер жүргізілді.

Нәтижесінде Сенім білдірілген агенттің шотына қаражаттарды аудару жолымен қарыз шарттары бойынша қарыздарды төлеу қамтамасыз етілді.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтауға бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Тексерілген кезеңге жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

 

Жұмыс тобының басшысы:
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Т.Мыслимова

Жұмыс тобының мүшелері:
Экономикалық саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі Н. Щетинина
Бюджеттік саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі Д. Лобадюк
Бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы О.Шушакова

Аналитикалық анықтамамен танысты:
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р. Хамитов

Дата публикации
20 декабря 2019