12 желтоқсан 2019 жыл Жаңа Бұқтырма кенті
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істері Агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы «Жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізу бойынша Бірыңғай ережені бекіту туралы» №12 бұйрығына, 2017 жылдың 13 маусымдағы Үкімет отырысының № 23 хаттамасының 1.2.3 тармағына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ішкі талдау жүргізілді.
Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің 2019 жылдың 12 желтоқсандағы № 198 өкімімен ішкі сараптама жүргізу үшін жұмыс тобы келесі құрамында құрылды: әкімнің орынбасары Ж. Солменбаева, бас маман Т.И. Ефремова, бас маман А.Ш. Бекмурзинов.
Талдау уақыт кезеңі – 2019 жылдың 11 айы.
«ШҚО Зырян ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (ары қарай әкім) заңды тұлғаның 2009 жылдың 25 наурыздағы қайта тіркеу мемлекеттік куәлігі 256-1917-13-ГУ (БСН 980840003392) , өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Бюджетке түсетін салық және басқа міндетті төлеулер туралы» Заңдарға, Қазақстан Республикасындағы Жер кодексіне, елдімекен шегіндегі жер учаскелерде құрылыс объектілерге жер телімін беру үшін мақсаттық арнауын өзгертуге шешімді беру бойынша, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы анықтаманы беру, сауда-саттық (конкурс, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер телімдерге құқығын алу үшін, шалғай ауылдық елдімекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну мемлекеттік қызмет стандарты және регламенты.
Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Зырян ауданы әкімдігінің Жаңа Бұқтырма округы аумағында лауазымды тұлғасы болып табылады және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен оған жүктелген қызметтерді іске асырады.
Ұйымдастыру –басқару қызметте сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптамаға келесі бағыттар талқыға салынған:
1) құрамды басқару, соның ішінде кадрлардың өзгеруі.
Әкім аппаратының құрылымы және штаттық саны Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 26 маусымдағы «Зырян ауданы әкімдігінің «Жергілікті атқарушы органның штаттық санының құрылымы және лимиті туралы» 2013 жылғы 16 шілдедегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 2526 қаулысымен бекітілген. Штаттық кестеге сәйкес, әкім аппаратында 8 бірлік әкімшілік мемлекеттік қызметкер бекітілген, соның ішінде: Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі-1 бірлік, әкімнің орынбасары-1 бірлік, бас маман - 4 бірлік, жетекші маман-2 бірлік.
Мемлекеттік және азаматтық қызметке қабылдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен ҚР Еңбек кодексі сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүргізіледі. Әкім аппаратында қазіргі уақытта 1 бос лауазымдық қызмет орын тұр: бас маман - бухгалтер.
Мемлекеттік қызметшілерде бекітілген лауазымдық нұсқаулық бар. Олардың міндеттері кент аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, жергілікті маңызы бар мәселерді шешуге бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бекітілген уақытқа сәйкес жүргізілді.
Сараптамалық мерзімде кенттің әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылғандар жоқ. Мемлекеттік қызметке нұқсан келтіру, теріс қылықтар болған жоқ.
2) мүдделер қақтығысын реттеу
Мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттетерін тиісінше атқармауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделерімен оның лауазымдық өкілеттіліктері арасындағы қайшылықтар болған жоқ.
3) мемлекеттік қызмет көрсету
Кент әкім аппаратында келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілінеді «Жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы беру», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну», «Мемлекеттік меншіктілігіндегі сауда-саттық (конкурс, аукцион) талап етпейтін жер телімдерге құқығын алу», «Елдімекен шегіндегі құрылыс объектілердің жер учаскелеріне құқығын беру», «Жер телімнің мақсаттық арнауын өзгертуге рұқсат беру». Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетілінеді. Мемлекеттік қызметтердің дер кезінде және сапалы көрсетілгеніне жауапкершілік әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінде бекітілген. Талдауға алынған мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетілді: жалпы білім беру ұйымдарына және шалғай елді мекендерде тұратын балаларға үйге ақысыз көлікпен тасымалдауды қамтамасыз ету -70, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық беру туралы конкурс өткізуді қажет етпейтін 71 өкім шығарылды, бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату туралы 17 өкім, жер учаскенің мақсаттық арнауын өзгертуге -9.
Қызмет көрсету мерзімін бұзу, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, стандартта көрсетілген құжаттардан тыс құжаттарды талап ету, бекітілген стандарттар мен регламенттермен мемлекеттік қызмет көрсету нормаларға нақты сәйкес келмейтінфактілер анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Танюшкина Людмила Евгеньевна аз. қызмет көрсету мерзімін бұзғаны және заңсыз бас тартқаны үшін шағым түскен Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде аумағы 0,1 га болатын № 4 бағбаншылық қоғамында орналасқан жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру Алтай ауданы жер комиссиясының теріс пікірі негізінде кент әкімінің 08.10.2019 жылғы № 155 өкімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 46-р (Жер қатынастары саласындағы кейбір мәселелер туралы) өкіміне келісіле (Бұқтырма су қоймасы жағалауында жер беру облыс әкімінің 2016 жылғы 08 маусымдағы № 38-р өкіміне) келісілді берілмеді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 35 бабына сәйкес «Жаңа Бұқтырма кенті әкім аппараты» ММ міндеттеріне рұқсат беру және бақылау кірмейді.
4) бөлімшенің ұйымдастыру-басқару қызметінен шығатын басқа мәселелер
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, кент әкімі жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүргiзеді. Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі тұрғындарға қолайлы жерге ілінген. Ағымды мерзімде әкім 7 жеке қабылдау жүргізді, 16 адам жеке қабылдау кезінде ауызша жауап алды. Жыл мерзімнің өткен кезеңінде әкім аппаратына АИС EUOL, ЭСИДО базасына тіркелген 20 жазбаша өтініш пен арыз, оның ішінде 3-еуі заңды тұлғалардан, 17-сі жеке тұлғалардан келіп түскен. Өтініш берушілерге заңмен белгіленген уақытта жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтiнiштерi бойынша заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Әкім аппаратынының мемлекеттік қызметкерлерімен жемқорлық құқықбұзушылық фактілер бойынша үндеулер түскен жоқ.
5) мемлекеттік сатып алуды жүргізу
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу ҚР «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 2019 жылдың 12 желтоқсанға электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша жұмыс, қызмет және тауар сатып алу үшін 54 рәсім орындалды, жалпы сомасы48807933,57мың теңге.
Сатып алуға жасалған талдау жұмыстары мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында атқарылған жұмыстардың сапасына әсер ететін техникалық іркілістер орны бар екенін көрсетті. Мемлекеттік мекеменің қызметіне және Жаңа Бұқтырма кенті әкім аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде нормативтік-құқықтық актілер сараптамасы нәтижесіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктері болған жоқ.
Кент әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық және жемқорлық тәуекелдіктерін болдырмау мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылуы қажет:
- сыбайлас жемқорлыққа, қызметтік емес мінез-құлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тұрақты түрде оқыту;
- БАҚ-тағы жағымсыз пікірлерді қарап, оларды ақпараттық кеңестерде талқылау;
- Өтініш беруші мен мемлекеттік қызметкер арасында тікелей байланысты болдырмау мақсатында жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтаманы алу үшін ортақ біріктірілген ақпараттық жүйе (ЖАБ пен ХҚКО арасында) құру;
- тұрғылықты жерінде (е.gov.kz электронды үкімет портал арқылы) ЖҚШ бар-жоқ туралы анықтаманы алу үшін сандық электронды қол қоюды рәсімдеу үшінхалық арасында түсіндіру жұмыстарды жүргізу (пайдаланушылардың компьютерлік сауатсыздықтарын жою бойынша семинар, кеңес түрінде)
Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі М. Карибаев
Келісілді:
Солменбаева Ж.
Ефремова Т.И.
Бекмурзинов А.Ш.