«Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ (әрі қарай –ММ) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-VЗаңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайл«Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі туралы анықтама
12-12-2019 18:11
«Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ (әрі қарай –ММ) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-VЗаңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды», 2019 жылдың мауысымынан 2019 жылдың қарашасы мерзімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктеріне ішкі талдау жүргізілді.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ММ 2 тапсырманы және 22 міндеттерді орындайды.
ММ басшысы – Ксебаева Динара Айтказиновна, бұл лауазымға 14.09.2018 жылы тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау келесі бағыттарда жүргізілді:
1) объект қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) оъектінің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
І. бағыт бойынша –ММ қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.1 Жер телімдерін иесіз жылжымайтын зат ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
ҚР Жер Кодексінің 14-1-бабымен белгіленген құзыретіне сәйкес ММ жер қатынастары бойынша аудандық уәкілетті орган болғандықтан, иесі жоқ жер телімдерінанықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 242-бабына сәйкес Меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді.
Жер теліміне меншік құқығынан өз еркімен бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 82-бабына сәйкес бұл жер телімі Қазақстан Республикасы Азаматтақ Кодексінің 242-бабына сәйкес иесi жоқ жылжымайтын затретінде есепке алынады.
Бірақ Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 242-бабына сәйкес,егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді. Көрсетілген баптарда қарама-қайшылықтар бар.
Ұсыныстар: нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақты қарастыруға жоғары тұрған басшылық алдында бастамашылық ету.
ІІ. Бағыт бойынша – ММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
1.2 жер телімдерін бөлу, біріктіру, сәйкестендіру мінездемелерін анықтауға жолдамалар беру.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 150-бабының 1-тармағына сәйкес, жерге орналастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.
Өтініштер жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ретінде қабылданады және жолдама 15 күнтізбелік күн ішінде жолданады. Бұл жағдайда ыбайлас жемқорлықтық тәуекелі байқалады, өйткені жолдама бірінші күнде де немесе он бесінші күнде де берілуі мүмкін. Жолдама берілуі мүмкін және берілуден бас тартылуы мүмкін.
Ұсыныстар:
1)жер телімдерін бөлу, біріктіру, сәйкестендіру мінездемелерін анықтауға жолдамалар беру рәсімін мемлекеттік қызметтер стандарттарына қосу, заңнамаға өзгерістер енгізу.
1.2 Жер телімдерінің бөлінімділігі мен бөлінбейтіндігін анықтау.
ҚР Жер Кодексінің 51-бабына сәйкес Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.
1.4 мемлекеттік қызметтер көрсетуде қызмет беруші мен қызмет алушының тікелей байланысының болуы.
Жер телімдерін бөлу, біріктіру, сәйкестендіру мінездемелерін анықтауға жолдамалар беруге өтініш беруде жеке немесе заңды тұлға жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Сөйтіп, өтініш беруде қызмет алушы қызмет берушімен тікелей байланысы болады, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заңсыз артықшылық беру түріндегі сыбайлас жемқорлықтық тәуекеліне әкеп соғады.
Жұмыс тобының құрамы:
1.Букова Надежда Анатольевна – «Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы;
2.Маравина Татьяна Владимировна – «Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы;
3.Калиаскарова Самал Нурбеккызы – «Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы;
Талдау анықтамасымен таныстым
КсебаеваДинара Айтказиновна-«Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы 12.12.2019 жыл.