Жергілікті атқарушы органға «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес» заңының 8 бабы 5 тармағына сәйкес ҚРЗ «Мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері жемқорлыққа тәуекелділікке байланысты ішкі сараптама жүргізеді, нәтижесіне жемқорлыққа жол беретін жағдайлардың себебін жоюға шаралар қолданады». Жемқорлыққа тәуекелділікке байланысты ішкі сараптама жасалды. Ішкі сараптамада әкім аппаратының 2019 жылдың шілдесінен желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылған.
Қойылған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында ЖАО әкім аппаратының хабарлама, сараптама, ұйымдастыру-құқықтық және материалды- техникалық қамтамасыз етуге , жергілікті маңыздағы мәселелерді шешуге және әкім аппаратының Ережесіне сәйкес 42 функция атқарады.
Тұрғысын ауылдық округінің әкімі Қожанова Динара Мұратбековна бұл лауазымға 2017 жылы 15 тамызында тағайындалған.
Жемқорлыққа тәуекелділікке ішкі сараптама жүргізу үшін 2018 жылдың 20 мамырында Тұрғысын ауылдық округі әкімінің « Жемқорлық тәуекелге байланысты ішкі сараптама жүргізуге жұмыс тобын құру туралы» № 27 өкімімен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды: Қожанова Динара Мұратбековна - әкім, Никитина Ольга Николаевна - бас маман, Кудашева Роза Турсыновна - бас маман.
Жемқорлыққа тәуекелділікке байланысты ішкі сараптамасы келесі бағытта жүргізілді:
1) жемқорлыққа тәуекелділікке байланысты нысанның жұмысындағы құқықтық - нормативтік актілерден анықтау;
2) жемқорлыққа тәуекелділікке байланысты нысанның ұйымдастыру- басшылық жұмыстарынан анықтау.
І. Бағыт бойынша- ЖАО жұмысындағықұқықтық-нормативтік актілерде жемқорлыққа тәуекелділік белгілі болған жоқ.
II. Бағыт бойынша - нысанның ұйымдастыру- басшылық жұмыстарынан жемқорлыққа тәуекелді анықтау:
1. Персоналдарды басқару, оның ішінде мамандардың ауысуы.
2019 жылдың 30 желтоқсанында Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты штаттық саны – 4 адам, нақты жұмыс істеушілер саны - 3, конкурс және әңгімелесу нәтижесінде 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында бос орын жабылады, өз еркімен жұмыстан шыққандар - жоқ, теріс қылығы бойынша- жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – жоқ, тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынғандар- жоқ.
«Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметкерлері біліктілік талаптарға сәйкес. Барлық мемлекеттік қызметкерлер дер кезінде қайта дайындау курсында біліктіліктерін арттырады. 2019 жылдың екінші жарты жылдығында мемлекеттік қызметкерлердің қайта дайындау курсынан, біліктілігін көтеру курсынан өтпегендері, еңбек тәртібін бұзу, әкімшілік және қылмыстық бұзушылықтар, бұрын жемқорлық жасаған құқық бұзушылық мемлекеттік қызметкерлердің, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері- жоқ.
Тәртіп бұзушылық жасап жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметті абыройына нұқсан келтіргендер, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар- жоқ.
2. Қарама - қайшы көзқарастарды реттеу :
2019 жылдың екінші жарты жылдығында қарама - қайшы көзқарастарТұрғысын ауылдық округі әкімінің аппаратында болған жоқ.
3. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі:
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың жүгінуін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Тұрғысын ауылдық округі әкімі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізді. Қабылдау кестесі азаматтарға қол жетімді жерде орналастырылған. Өткен уақыт кезеңінде жеке тұлғалардан-9, заңды тұлғалардан -0 жүгіну түсті.
Жүгінулер негізінен тұрғындардың жұмысқа орналасуы, зейнетке шығуы, еңбек және әлеуметтік сұрақтар бойынша, сонымен қатар білім саласына қатысты болды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету:
Мемлекеттік қызметті әкім аппаратында бас маман О.Н. Никитина жүргізеді. Қызмет көрсету талаптары және тәртібі мемлекеттік стандарт және регламетпен бекітілген. Қызмет алушылардың тосуға ең көп рұқсат етілген уақыты- 30 минуттан аспау керек. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламенті бұзылған жоқ. Ағымдағы кезеңде жеке тұлғаларға-3, заңды тұлғаларға -2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
5. Рұқсат беру функцияларын орындау:
ЖАО рұқсат беру функциялары жоқ.
Әкім аппаратында құқықтық жалпы оқуда, аппараттық жиналыстарда жемқорлыққа қарсы күрес заңдары, ҚР жемқорлыққа қарсы 2015- 2025 жылдардағы стратегиясы оқылады және талқыланады.Сонымен қатар, Алтай ауданының әкімі сайтында Тұрғысын ауылдық округі әкімінің ғимаратында азаматтарға қол жетімді жерде «сенім телефоны» бар. Ағымдағы кезеңде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы бойынша шағымдар және жүгінулер болған жоқ.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметкерлері Алтай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына кірістері туралы Декларацияны дер кезінде өткізеді. Ауылдық округ әкімі жыл сайын халық- демократиялық партиясы «Нұр Отан» өткізетін «Өзіңнен баста» акциясына қатысады. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
БАҚ–ында Тұрғысын ауылдық округі әкімінің аппаратын сынға алынған жемқорлық жоспары туралы мәліметтер жарияланған жоқ.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы негізінде жүргізіледі. 2019 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталында жаряланған. Мемлекеттік сатып алу процедураларына жауапты тұлға әкім аппаратының бас есепшісі - Чанова Алеся Алексеевна, бұзушылықтар анықталған жоқ.
ҚАБШ (қолма- қол ақшана бақылау шотына) келіп түсетін азаматтардың көлік салығынан, мүлік салығынан, жер салығынан, төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығынан, жалға алынатын үй-жай үшін төлемінен жиналған ерікті төлемдер түріндегі қаржыны жергілікті қауымдастық өкілдері бөледі. Жергілікті қауымдастық шешім шығарады, бұл шешім хаттамамен бекітіледі, бұзушылықтар анықталған жоқ.
2019 жылғы екінші жарты жылдығы кезеңіне қаржылық- шаруашылық тексеру актілері болған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, бақылаушы және рұқсат беру функциялары, сондай- ақ персоналды басқару және мемлекеттік мекемеде мүдделердің қайшылықтарын реттеу, мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік- құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жұмыс тобының құрамы:
1. Қожанова Д.М.
2. Никитина О.Н.
3. Кудашева Р.Т.
Сараптамалық анықтамамен таныстырылды:
Қожанова Д.М. әкім
Никитина О.Н. бас маман
Кудашева Р.Т. бас маман