2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алтай ауданының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

ҚАУЛЫ                                                           

 

2026 жылғы 13 қазандағы №1

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 Алтай ауданының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының үлгі Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алтай ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алтай ауданының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

                              

Төраға                                                                                  Б. Тұқтыбаева

 

Хатшы                                                                                         Р. Букежанова

Дата публикации
14 октября 2026