Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 25 тамызда сағат 18.00-де Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Северное ауылдық округі бойынша:

 

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,33%) –  «Әділет» саяси партиясымен, 2 (66,67%) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.          

 

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 30 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 августа 2026