Алтай ауданы бойынша үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алтай ауданы бойынша үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Алтай, Серебрянск қалаларының, Алтай ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдері ортақ пайдаланылатын жерлерде үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды жабдықтауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Дата публикации
21 июля 2026