«Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Алтай ауданы әкімдігінің

2024 жылғы «26» наурыз

№ 116 қаулысына

1 қосымша

 

 

«Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі»

 мемлекеттік мекемесі туралы

 ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Алтай ауданының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.

  1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Бөлімнің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - құрылтайшы) бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
  10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Алтай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  12. Бөлімнің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат, бөлімнің жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін. Сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері бөлім жұмыс істемейді.

 

 

  1. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

2) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікті, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

3) мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға, оның беделін нығайтуға, Алтай ауданының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасауға;

4) қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуға көмек көрсету.

5) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.

6) дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру.

7) меншік нысандары өзгерген жағдайда азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстар мен объектілерді сақтау;

8) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді насихаттауды басқа да ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жүзеге асыру;

9) спорттық жарыстар мен өзге де спорттық іс-шараларды теле-радиоарналарда және т. б. жарықтандыру.

  1. Өкілеттіктер:

Бөлім құқылы:

1) мемлекеттік органның құзыреті мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағынысты мекемелерден және лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;

2) өз құзыреті шегінде мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің қызметін регламенттейтін нормативтік актілерді әзірлеуге және бекітуге;

3) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекемелерде оларды ұстауға бөлінген бюджет қаражатының дұрыстығына, жоспарлаудың, орналастырудың және пайдаланудың тиімділігіне тексерулер жүргізуге;

4) мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру бойынша салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыру;

5) Осы ережеде, қолданыстағы заңнамада, жасалатын шарттарда айқындалатын құзырет шегінде басқа мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен өз қатынастарын құруға;

6) белгіленген тәртіппен мәдениет және спорт саласындағы ең ерекшеленетін қызметкерлерді марапаттауды жүзеге асыруға, құрметті атақтар беруге кандидатуралар ұсынуға;

7) мәдениет және спорт саласын дамытуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, шарттық негізде және келісімшарттық негізде іске асыру үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, орталықтарды, баспаларды, жекелеген ғалымдарды, оның ішінде шетелдік ғалымдарды тартуға, мәдениет және спорт мәселелері бойынша ақпарат жинауға және таратуға;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Бөлім міндетті:

1) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде түсініктемелер, ақпарат және материалдар ұсынуға;

2) Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті;

3) бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

4) бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті:

  1. Бөлімнің Функциялары:

1) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасайды;

3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей дела, мәдени-демалыс қызметі саласындағы қызметін қолдайды және үйлестіреді;

4) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар мен конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

5) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

7) тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және дәріптеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұртшылықты тартады;

8) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын немесе уәкілетті органды өз құзыреті шегінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүлінуін, жойылу қатерін жою туралы хабардар етеді;

9) тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;

10) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісімді және этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қабылдайды;

11) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

12) облыстардың атқарушы органдарына ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді атау және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

13) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

14) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстар өткізеді;

15) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

16) Алтай ауданының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

17) Алтай ауданының аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

18) спортшыларға спорттық разрядтар береді: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;

19) біліктілік санаттарын тағайындайды: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;

20) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

21) Алтай ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде Алтай ауданының аумағында дене шынықтыруды, спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына береді;

23) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша құрама командалардың аудандық тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

24) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

25) дене шынықтыру, спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

26) Алтай ауданының аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

27) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

29) тілдерді дамыту саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану туралы тиісті өзгерістер енгізу;

30) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚР заңдарына тілдерді дамыту саласындағы құзыреттіліктерді кеңейту бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

31) Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

32) Электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

33) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 75, 156, 488-1-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау құқығымен уәкілеттік берілсін;

34) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

35) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

36) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Алтай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асыруға және оларға тәртіптік жаза қолдануға;

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітуге;

5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіру;

6) Алтай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымы лимиті шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

8) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттiк органның мүлкi

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
  3. «Алтай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  5. «Алтай ауданының «Горняк» мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
  6. «Алтай ауданының Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Дата публикации
21 мая 2026