Бекітемін
Алтай ауданының әкімі
_______________ Р.Курмамбаев
«____» ___________ 2026 ж.
Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
р/б № |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар |
іс-шара |
Аяқтау түрі
|
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Құқықтық олқылық. Индикатор: лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің құзыретін регламенттейтін ережелердің болмауы, бұл заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді ерікті түрде айқындау мүмкіндігін тудырады. |
||||
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру бойынша әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес: «Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезеңінде кәсіпкерлерге сауда қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру» әкімшілік рәсімін жүзеге асыру бойынша нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ұсынылады. |
Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру жөніндегі басшылықты әзірлеу және бекіту |
«e-Otinish» сайтына орналастыру |
Алтай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
2. |
Құқықтық олқылық. Индикатор: ережедегі түсініксіз немесе екіұшты мағынасы бар, осылайша заңсыз түсіндіруге жол беретін тұжырым. |
||||
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушіге сұратулар жіберуі бөлігінде нақтылау қажеттілігі туралы өтініш (ходатайство) енгізу. |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау
|
Түсіндірме жауап алу |
Алтай ауданының қаржы бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
3. |
Құқықтық олқылық. Индикатор: лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің құзыретін регламенттейтін ережелердің болмауы, бұл заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді ерікті түрде айқындау мүмкіндігін тудырады. |
||||
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 265-тармағына веб-портал шарттардың болуын шартты жеңілдіктерді есептеу сатысында ескеретінін көрсету бөлігінде түзетулер енгізу туралы ұсыныс енгізу. |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне хат жолдау |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 265-тармағына түзетулер енгізу |
Алтай ауданының қаржы бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
4. |
Құқықтық олқылық. Индикатор: азаматтың немесе ұйымның әкімшілік рәсімнің барысына әсер етуін қамтамасыз ететін процестік тәртіптің болмауы. |
||||
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсете отырып, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу және оны мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу туралы хат жолдау бастамасын көтеру. |
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға беру бойынша қағидаларды әзірлей отырып және қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ арқылы көрсетумен мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау. |
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға беру декларациясын мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу |
Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
5. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша. Индикатор: мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі, бұл белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғады. |
||||
|
|
Әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы ресми хат жолдау ұсынылады. Аталған өтініш аясында Үлгілік қағидалардың 8-тармағы 10-абзацының редакциясын нақтылау мүмкіндігін қарастырып, оны келесі редакцияда мазмұндау ұсынылсын: «Табиғи апат немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келтірілген кездегі әлеуметтік көмек, егер зақымдалған (жойылған) мүлік өтініш беруші үшін оған меншік құқығымен тиесілі жалғыз тұрғын үй болып табылатын жағдайда, зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі».
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтінішхат енгізу |
Тиісті өзгерістер енгізу |
Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
6. |
Артық әкімшілік кедергілердің болуы. Индикатор: бір жер телімінің одан арғы құқықтық мәртебесін анықтау үшін (ол мәжбүрлеп алынғаннан кейін) сол мәселе бойынша міндетті түрде қайтадан сот талқылауының болуы (индикатор әдістемеде қарастырылмаған). |
||||
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жер кодексіне сот шешімі бойынша жер телімдерін арнайы жер қорының құрамына және қала құрылысы қызметіне тартылмаған жерлер құрамына есепке алу туралы талаптарды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хат жолдау бастамасын көтеру. Жер телімдерін арнайы жер қорының құрамына және қала құрылысы қызметіне тартылмаған жерлер құрамына есепке алуды жергілікті атқарушы органның тиісті қаулысы негізінде жүзеге асыру ұсынылады. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау |
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне тиісті өзгерістер енгізу |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
7. |
Өзіне тиесілі құқықты іске асыру үшін тұлғаға қойылатын жоғары талаптар. Индикатор: субъективті құқықтар мен бостандықтарды іске асыру кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттер жүктеу. |
||||
|
|
Жер телімі иесінің жеке меншік құқығынан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініші болған кезде жергілікті атқарушы органның жер телімін коммуналдық меншікке өткен деп тану үшін сотқа жүгінуі туралы талаптарды алып тастау бөлігінде Жер және Азаматтық кодекстерге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдау бастамасын көтеру. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау |
Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстеріне тиісті өзгерістер енгізу |
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
8. |
Құқықтық актілер ережелері мен ішкі құжаттар арасындағы қайшылық (коллизия). Индикатор: басым норманы таңдау жауапкершілігі талдау объектісінің лауазымды тұлғасына жүктеледі. |
||||
|
|
Біркелкі тәсілді әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бастама көтеру, оның ішінде аудандық маңызы бар қала шегінде бағбандық қоғамдардың тарихи қалыптасқан орналасу жағдайларында (мүмкін бас жоспарға сілтеме жасай отырып) бағбандық жүргізу үшін жер телімдерін беру мүмкіндігін қарастыратын құқықтық механизмді әзірлеу бөлігінде ұсыныс жасау. |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау |
Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстеріне тиісті өзгерістер енгізу |
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Алтай қаласы әкімінің аппаратымен бірлесіп |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |
|
9. |
Өзіне тиесілі құқықты іске асыру үшін тұлғаға қойылатын жоғары талаптар. Индикатор: азаматтар мен ұйымдарға белгісіз, орындалуы қиын талаптарды белгілеу. |
||||
|
|
Ерекше жағдайларда, жер телімін ресімдеу мүмкіндігі болмаған кезде, сервитут белгілеу туралы құжатты пайдалану мүмкіндігін қарастыратын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындауға бастамашылық ету.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 462-тармағына өзгерістер енгізу |
Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
2026 жылғы 29 мамырға дейін. |