2026 жылдың 1 тоқсанындағы өтініштерге талдау

2026 жылдың 1-тоқсанында Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдарында 346 өтініш тіркелді (2025 ж. – 268 өтініш, өсім 29,1%), оның ішінде: өтініштер – 224, шағымдар – 6, басқалары (ұсыныстар, хабарламалар, сұратулар) – 116.

Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша өтініштерге жасалған талдау келесі мәселелер тобын көрсетеді:

  • инфрақұрылымдық мәселелер (жолдарды, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу);
  • абаттандыру мәселелері;
  • жер пайдаланудың жалпы мәселелері.

Аталған кезеңде ауданның мемлекеттік органдары барлығы 245 өтінішті қарады, құзыреттілігі бойынша 71 өтініш қайта бағытталды. Өтініштерді қарау және қайта бағыттау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.

2026 жылдың есепті кезеңінде аудан әкімі, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, әкім орынбасарлары, дербес бөлім басшылары 183 жеке қабылдау өткізіп, 196 тұрғынды қабылдады (2025 ж. – 48 қабылдау, өсім 281%).

Қызметтік телефон арқылы түскен өтініштер саны – 34. Оның ішінде 33-і шешілді, 1 өтініш бақылауда.

 

 

Құжаттық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы                                         М. Советбекова

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 апреля 2026