№9 «Автостанция – Саяжай» («Автостанция-Дачи») бағытына қызмет көрсету үшін мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындысы туралы.

«Алтай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2026 жылғы 25 наурызда жолаушылар мен багажды тұрақты қалаішілік және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру берілді.

Конкурсқа маршруттардың келесі пакеттері қойылды:

- Қалаішілік маршрут №9 «Автостанция – Саяжай»;

- Ауданішілік маршрут «Алтай – Алтай ст.»;

- Ауданішілік маршрут «Алтай – Путинцево»;

- Ауданішілік маршрут «Алтай – Парыгино».

2026 жылғы 22 сәуірде конкурстық комиссияның отырысы өткізілді, №1 пакет — №9 «Автостанция – Саяжай» бағыты бойынша екі үміткерден өтінім түсті.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша №9 бағытқа қызмет көрсету құқығына ие болу конкурсының жеңімпазы болып «Александр» ЖК танылды.

 

Дата публикации
23 апреля 2026