
Маматаев Эрлан Николаевич 1980 жылы 04 қыркүйекте Алтай ауданы Зубовск кентінде дүниеге келген,
2007 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Қоршаған ортаны инженерлік қорғау" мамандығы бойынша инженер-эколог біліктілігімен, 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Зырян қаласының "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде" күзетші болып бастаған.
2003-2004 ж. Ж. Зырян қалалық ТЖ басқармасының 2 санатты жедел кезекшісі, 2004 жылы Зырян қалалық ТЖ басқармасының жедел бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2005 жылғы қаңтар-2006 жылғы сәуір аралығында Зырян қалалық ТЖ басқармасы шұғыл ден қою, күштер мен құралдар және іс-шараларды жоспарлау, оқытуды дайындау бөлімінің бас маманы, 2006 жылы осы бөлімнің бастығы болып тағайындалды.
2008-2011 Ж. Ж. Зырян ауданының ТЖ Басқармасы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.
2011-2016 жылдары ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс істеді.
2016 жылы "Алтай ауданы әкімінің аппараты" ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды, Осы жылы "Зырян ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"басшысының орынбасары.
2017-2021 ж.Ж. "Зырян ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"ММ басшысы.
2021 жылдың шілде айынан бастап Никольск ауылдық округінің әкімі.