15 қазанда Күршім ауданында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р.Т. Құрмамбаевтың төрағалығымен Күршім және Самар аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Жиында мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген несие, субсидиялау және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке рәсімдеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан жауап алды.
#КүршімАуданы #СамарАуданы #АуылШаруашылығы
2026 жылғы 17 қазанында Өскеменде қаласында Риддер қаласының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мекен-жайы: Жібек жолы, 44 ("Алтай" көтерме сауда орталының аумағында)
2026жылғы 30 қыркүйекте Алтай ауданының Полянское ауылында орналасқан «Мойылды Байқоңыр» ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасына «Игілік» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын іске асыру аясында Ресей Федерациясынан асыл тұқымды голштин-фриз тұқымының 224 бас қашары әкелінді.
Асыл тұқымды малды жеткізу «Алтай ауданы, Полянское ауылында
1 075 фураждық басқа арналған сүт-тауарлы ферма салу» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Ферманың жобалық қуатын кезең-кезеңімен қалыптастыру мақсатында жыл соңына дейін 221 бас малдан тұратын екінші партияны сатып алу жоспарлануда. Осылайша, фермадағы жалпы мал басы 1 075 фураждық басқа жеткізіледі.
Жоғары өнімді асыл тұқымды мал басымен толықтыру сүт өндіру көлемін арттыруға, өнімнің сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Ферманы дамыту өндірістік базаны одан әрі жаңғыртуға және сүт өндірісінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Өндірілген сүт «Восток-молоко» корпорациясы» ЖШС-не өткізіледі.
Қазіргі таңда шаруашылықта 124 адам еңбек етеді, оның ішінде 38 адам сүт-тауарлы фермада жұмыс істейді. Кәсіпорынның дамуы өндіріс көлемін арттырумен қатар, ауылдағы жұмыс орындарын сақтауға және жұмыспен қамтуды дамытуға ықпал етеді.
Жобаның іске асырылуы сүтті мал шаруашылығын дамытуға, өндіріс тиімділігін арттыруға және Алтай ауданының ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 3 қазанда Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
21–23 қазан аралығында Астанадағы EXPO көрме орталығында ExpoGroup компаниясы ұйымдастыратын халықаралық KazAgroFarm-2026 көрмесі өтеді. Көрмеге 25 елден 300-ден астам компания қатысып, агроөнеркәсіптік кешенге арналған озық шешімдерін ұсынады.
Бір алаңда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік делегациялар мен дипломатиялық миссиялар, халықаралық сарапшылар, әлемдік агробизнес өкілдері және еліміздің фермерлері бас қосады. Көрме ауыл шаруашылығы саласының болашағын қалыптастыратын маңызды алаңға айналады.
KazAgroFarm-2026 экспозициясы дәстүрлі түрде агросаладағы екі негізгі бағытты қамтиды. KazAgro — тұқым мен өсіру технологияларынан бастап, егін жинау және өнімді сақтауға дейінгі өсімдік шаруашылығының толық циклі. KazFarm — генетика мен асыл тұқымды мал шаруашылығынан бастап, ет пен сүт өндіруге және дайын өнімге дейінгі мал шаруашылығы.
Сонымен қатар көрмеде цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік саласындағы заманауи шешімдер ұсынылады. Бұл — бүгінгі таңда агробизнесті өзгертіп жатқан технологиялар.
Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі — оның халықаралық құрамы. Астанаға 25-тен астам елден компаниялар, әлемдік брендтердің басшылары мен топ-менеджерлері, шетелдік делегациялар, дипломатиялық және сауда миссияларының өкілдері келеді.
Қатысушылар шетелдік компаниялармен және сарапшылармен тікелей байланыс орнатып, халықаралық іскерлік байланыстарды дамытуға, жаңа серіктестер табуға, келіссөздер жүргізуге және ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік алады.
Іскерлік бағдарламаға мемлекеттік органдардың, бизнестің, салалық ұйымдардың және халықаралық сарапшылардың өкілдері қатысады. Бағдарламаның маңызды оқиғаларының бірі — «Ақбас» қазақтың ақбас сиыры тұқымының 75 жылдығына арналған «Ақбас» тұқымы күні.
Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған панельдік сессиялар, семинарлар, конференциялар және кәсіби кездесулер өтеді. Іс-шараларға Чехия, Нидерланд, Германия, Иран, Беларусь және басқа да елдердің дипломатиялық миссиялары қатысады.
Фермерлер үшін KazAgroFarm-2026 — бір сапар барысында шаруашылыққа арналған заманауи шешімдерді көруге, өндірушілермен және сарапшылармен тікелей сөйлесуге, жаңа технологиялармен танысуға және әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік.
📅 21–23 қазан 2026 жыл
📍 Халықаралық EXPO көрме орталығы, Астана
Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1
🎟 Кіру тегін
Толық ақпарат алу үшін ұйымдастырушыларға хабарласыңыз:
📞 +7 (701) 216-22-91
📞 +7 (701) 958-29-73
📧 project@expogroup.kz
📧 manager@expogroup.kz
🌐 kazagroexpo.kz
🌐 kazfarm.kz
📱 Instagram: @expogroupkaz
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясы облыс қалалары мен аудандарында бағаларды тұрақтандыру мақсатында азық-түлік тауарларын өндірушілер мен жеткізушілерді ынтымақтастыққа шақыратынын хабарлайды.
Қолда бар бакалея өнімдеріне қосымша және де әлеуметтік маңызы бар басқа өнімдерді сатып алу бойынша.
Қатысу шарттары:
Мамандандырылған ұйым – «Ертіс» ӘКК» АҚ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., 59/1.
Бағдарламаға қатысушыларға «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен қатысушылар арасында қарыз шарты жасасу арқылы, қайтарымдылық шарттарымен қарыз беріледі.
Бағдарлама қатысушылары қарызды қайтару міндеттемелерін орындауды «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-қа мүлікті кепілге қою, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етеді.
Толығырақ шарттар мына сілтемелерде жарияланған:
дерекқорда: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V19V0006168 (Ереженің 36–44-тармақтары), https://spkertis.kz/ru/price-stabilization.
2026 жылғы 26 қыркүйекте Зайсан ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Зайсан аудандық Мәдениет үйінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған маңызды кездесу өтті.
Ауқымды жиын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р.Т. Құрмамбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Шараға Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы, сала мамандары, қаржы институттарының өкілдері және Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Кездесуде қаралған басты мәселелер:
Мемлекеттік қолдау шаралары мен субсидиялау тетіктері;
Жеңілдетілген қаржыландыру алудың шарттары мен талаптары;
Ауыл шаруашылығы бизнесін кеңейтуге арналған жаңа мүмкіндіктер.
Жиын барысында «Даму» қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Ертіс» ӘКК» АҚ және «ШҚО ӨЖӘО» АҚ өкілдері саладағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша толық ақпарат беріп, кәсіпкерлер мен шаруалардың көкейкесті сұрақтарына жауап қайтарды.
Өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту, жергілікті өнім көлемін арттыру және кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.
«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында облыстық іс-шараларды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу көзделген.
Осыған байланысты облыстың қалалары мен аудандарының қатысуымен 2026 жылғы 19 қыркүйектен 12 желтоқсанға дейін Мәдениет күндерін өткізу кестесі бекітілді.
Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте «Алтай» КТО аумағында Алтай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жалпы көлемі 10 750 кг ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады, оның ішінде: 2 500 кг сиыр еті, 2 100 кг жылқы еті, 150 кг қой еті, 450 кг құс еті, 700 кг сүт өнімдері, сондай-ақ 1 500 кг жеміс-көкөніс өнімдері және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдері ұсынылады.