
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы кезекті XIX сессиясының № 19/148-VIII шешімімен Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) өзгерістер енгізілді.
Ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді:
- ауру (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырғандар);
- міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде вакцинациядан) өтпеген;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, теміржол және автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде, су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарының шекараларында;
- су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
- бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларға.
Сондай-ақ, рұқсат етілмейді:
- Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады;
- жануарларды темір жолдар мен жолдар арқылы арнайы бөлінген орындардан тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейдегі мал айдауларынан басқа); үшінші жолдар болған кезде асфальт және цементбетон жабыны бар жолда айдап өтеуге (айдау);
- қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде суаруға.
Адамдардың еріп жүруінсіз қозғалатын ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз деп есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау орындарына қораға салынуға тиіс. Ұсталған қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі ҚР Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.
Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, ол нормативтік құқықтық акт болып табылады және оны ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы 5 жылға бекітеді.
Сондай-ақ, қағидаларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға жүктеме нормалары бекітілген.
Осы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.